АДАМ САУДАСЫНА ҚАРАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Адам саудасына қарсы күрес күніне орай ҚР ІІМ қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп,  «Адам саудасына қарсы күресте біртұтас!» атты ақпараттық науқанын өткізді.

Профилактикалық акция аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге, облыс орталығындағы адамдар көп шоғырланатын аймақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бір тәулікте «116 16» сенім телефонының нөмірі бар 1000-нан астам жаднама таратты.              Соның ішінде Теміржол вокзалы мен әуежайдағы жолаушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіп, дауыс зорайтқыш арқылы станцияның бүкіл аумағына адам саудасының қаупі туралы ақпарат айтылды.                            Полиция тұрғындарға “қандай да бір жанның құлдықта жұмыс жасап жүргенін байқасаңыз, болмаса адам саудасына қатысты басқа да қылмыстардың құрбаны не куәсі болсаңыз, үндемей қалмаңыз, заңға жүгініңіз!’’- деп құқықтық кеңес берді. Яғни жезөкшелікпен айналысуға тарту, сексуалдық қанау, мәжбүрлі еңбекті пайдалану, қайыршылық сұрауға мәжбүрлеу, заңсыз бала асырап алу, трансплантация үшін адам ағзасын заңсыз алу қылмыстары адам саудасына жататын жеткізді. Мұндай қылмыстардың құрбаны болмас үшін құжаттарыңызды қырағы болыңыз, өзіңізді алдауға жол бермеңіз деп, қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың мамыр айында ҚР Прламенті

Адам саудасы туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдаған болатын.  Құжатқа сай интернет арқылы сексуалдық қызметтер ұсынатындарға жаза өзгерді. Баласын саудалағандарға да қылмыстық жауапкершілік күшейеді. жаңа құжатқа сай сексуалдық қызмет ұйымдастырушылары мен қызмет көрсететіндер, сондай-ақ оларды жарнамалайтын сайттардың иелері де жазаланады. Олар бұрыңғыдай әкімшілік емес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.