АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ КӨМЕГІ КӨП
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Еліміздің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев сотталғандардың құқығы қалай қорғалатынын түсіндіріп айттып берді.
Уәкіл өзіне жүктелген міндеттерге сай сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын бақылау үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне үнемі барып тұратынын жеткізді. Оның айтуынша мұндай орындарда назар аударатын негізгі аспектілердің бірі – бейнебақылауды қолданудың тиімділігі.
«Мекемелерінің барлығында дерлік көрінбейтін (соқыр) бұрыштарды бейнебақылаумен қамтамасыз ету 100%-ға жуықтады. Барған кезде ең бірінші назар аударатынымыз – бейнекамералар 100% жабдықталған ба, бұл жүйе қалай жұмыс істейді, бейнекамералардағы жазбалар тікелей прокуратура және қылмыстық атқару жүйесі комитетіне түсе ме, қылмыс (азаптау) жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершіліктен құтылмауын қамтамасыз етуге қатысты шара қолданылды ма?», – деді Артур Ластаев.
Уәкіл түзету мекмелеріне барғанда сотталғандармен жеке-жеке кездесулер өткізетіні, бұл олардың басына түскен қиындықтар мен шешімін таппай жүрген мәселелерді ашық жеткізуіне, шағым түсіруге немесе түсініктеме алуға мүмкіндік беретінін айтады.
«Қызметкерлерге қатысты көптеген жүйелі мәселелер көтерілуде. Бірақ сотталғандардың жеке қабылдауға жазылуға деген ұмтылысы мен мүмкіндігі ашықтықтан хабар береді, бұл жақсы. Мен ниет білдіргендердің барлығын, қанша болса да қабылдауға дайынмын», – деп түсіндірді Омбудсмен.
Бүгінгі таңда еліміздегі барлық колонияларда шағым түсіруге арналған электронды терминалдар орнатылған. Сотталғандар тікелей сотқа және қадағалау органдарына шағымдана алады, бұл түрме әкімшілігі тарапынан цензураны жояды.
«Терминалдар да жүйелі шаралардың бірі. Олар бірнеше рет басу арқылы Бас прокуратураға немесе Ішкі істер министрлігіне хабарласуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген жүйелік қолдаумен жабдықталған. Сондай-ақ сотталушы өзінің процессуалдық мәселелері бойынша сот органдарына өтініш жаза алады», – деп атап өтті Артур Ластаев.
Бұл терминалдар сотталғандар еркін кіретін орындарда – асханаларға, кітапханаларға, жатын бөлмелерге және т.б. жерлерге орнатылған.