АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

  • Түркістан облысы, Тараз қаласы
blog-single-image

Елімізде адам құқықтарын қорғауға байланысты қабылданып жатқан заң нормаларының арқасында Түркістан облысында зорлық-зомбылық көріп, құзырлы органдардан араша сұрайтын азаматтар қатары едәуір азайды. Аймақ кәмелетке толмағандардың жыныстық  қатынасқа мәжбүрлеу қылмысы бойынша республикада  15-ші, ал отбасылық-тұрмыстық қылмыстар бойынша 19-орында. Облыстағы тұрғындар санына шаққанда бұл өте төмен көрсеткіш.

Жалпы адам саудасы әлемде қару-жарақ пен есірткіден кейінгі ең табысты кәсіп саналады. Ресми мәлімет бойынша бұл іспен айналысатындар одан жылына 150-160 миллиард доллар пайда табады. Қылымыстың ең көп таралған түрі еңбекті қанау, адам ағзасын сату, әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу.

         Адам саудасымен айналысқандарды  қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша Полермо хаттамасы бар. Қазақстан оны 2000 жылы бектіп, ратификациялаған. Енді адам саудасымен айналысқан қылмыскерлер болса оларды 18 жылға бас бостандығынан айыруға болады және мүлкі толық тәркіленеді,- дейді  ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев.

         Түркістан қаласында өткен семинар барысында азаматтардың өз құқықтарын сотта немесе өзге де органдарда, халықаралық ұйымдардың көмегімен қалай қорғау тәсілдері түсіндірілді. Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық соттың мүшесі емес. Бірақ мұндай жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымына қарсты 6  комитетке арыз-шағым түсіру құқына ие. Яғни, азапттау, әйелдер ісі, нәсілдік кемсіту, мүгедектерді қорғау, адам және бала құқықтары бойынша жүгіне алады.

         Соңғы 5-6 жылдың көлемінде Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар заң реформалары жүргізілді. Бұл іс өз нәтижесін беруде. Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты заң жобасының мақұлдануы да адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.