АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінде еңбек мигранттарын құқықтық қорғауды күшейту және Қазақстандағы адам саудасының құрбандары тақырыбы талқыланды. Мигранттардың құқықтарының бұзылуына ықпал ететін және адам саудасына байланысты қылмыстардың жасалуының алғышарттары болып табылатын бірқатар жүйелік проблемалар айтылып, бұл мәселені реттеу шаралары ұсынылды. Олардың қатарында аймақтық және жаһандық деңгейде трансшекаралық ынтымақтастық пен үйлестіру, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестік, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру бар.
Азаматтардың құқықтарын қорғайтын соттар құқықтың үстемдігіне ықпал етеді және әділеттілікті қамтамасыз етеді. Әрине, бұл жерде Қазақстанның сот жүйесі үшін кадрларды даярлаумен және біліктілігін арттырумен айналысатын, оларды кәсіби біліммен және этикалық қағидаттармен қаруландыратын сот төрелігі академиясының рөлін атап өткен жөн. Тағы бір маңызды тақырып – азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелері. Халықпен жұмыс істеу, құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге қатысуын арттыру, қоғамдық және мемлекеттік институттардың күш-жігерін шоғырландыру бүгінгі таңда мемлекеттік дамудың негізгі міндеттерінің бірі болып жарияланды. Бұл құқық қорғау институттарының алдына жаңа міндеттер қояды. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау әділ Қазақстанды құрудағы басты құндылық болып табылады. Жалпы, мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында елде адам құқықтарын қорғау саласында жалпыға бірдей танылған 41 стандарттарды ілгерілету үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар бар деп айтуға болады. Ағымдағы жылдың тамыз айында еліміздің Президенті құқық қорғау институттарының өкілдерімен кездесуде әкімдерге адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша жергілікті жерлерде барлық маңызды шешімдерді әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды. Іс-әрекеттердің дәйектілігін және қабылданатын шаралардың жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкестігін қамтамасыз ету маңызды.
- Тұрсынбекова
ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы