АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ СОТТА ҚОРҒАУ ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Адамды кемсітпеу, теңдік, оның ішінде гендерлік негізде, балалардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету мәселесі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың  үнемі басты назарда.  Осылайша, біз жыныстық қудалау үшін жауапкершілікті енгізу туралы, мәжбүрлі неке қию мақсатында адамды ұрлағаны үшін, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді криминализациялау және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық. Ағымдағы жылдың өзінде үкіметтік органдарға ішкі істер органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға және әскери қызметке жұмысқа қабылдауды регламенттейтін заңнамадағы кемсітушілік нормаларды жою туралы ұсыныстар енгізілді. Былтыр қараша айында «зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық акциясы қарсаңында Омбудсмен және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Сыртқы істер министрлігі мен шетелдік әріптестердің қолдауымен отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жүргізген ағымдағы жағдайды талдау нәтижелері мен конференцияға қатысушылардың ұсынымдарын адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысында қарау және депутаттық корпус пен мемлекеттік органдардың қарауына ұсыну жоспарлануда. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа келіп түсетін өтініштердің сипатына сүйене отырып, Құқық қорғау органдарының адам құқықтарын қамтамасыз ету және сот арқылы қорғауға қол жеткізу деңгейі ерекше назар аударуды талап етеді. Мұнда көп нәрсе жасалады және әлі де жасалуы керек.

С.Тұрсынбекова

ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы