АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

«Адам құқықтарының халықаралық стандарттарын енгізу: сайлау жүйесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы». Астана  қаласынщда осындай тақырыпта халықаралық конференция өтті. Оған еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері  қатысты.

Қазіргі заманғы саясат институты ұйымдастырған жиынға сондай-ақ  қазақстандық және халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері  де келді.

Басқсоуда уәкіл мекемесінің өкілі Данияр Сариев өз сөзінде халықаралық стандарттарды Қазақстанның ұлттық заңнамасына енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына қарсы күрес мәселелеріне, сондай-ақ елдің құқықтық жүйесінде көрініс тапқан демократиялық сайлау өткізу стандарттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Сондай-ақ   ғылыми-тәжірибелік конференцияда  адам құқықтары институттарын дамыту және нығайту, әділ сот талқылауы құқығын жүзеге асыру, азаматтық қоғам институттарының рөлін айқындау тақырыптарында құнды пікірлерін ортаға салды. Қазір елімізде жасалып жатқан реформалардың нәтижесінде  Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты күшейтілді.

– Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің институтына келетін болсақ, осы реформа басталмай тұрып, оның штаттық бірлігі 12 адам болатын. Ал қазір оның шаттық бірлігі 105 адамға жетті. Сондай-ақ барлық 20 өңірлерде арнайы өкілдіктері ашылды. Осы саяси бір үлкен әсері халықтың үнін мұңын сол жаққа барып, қол жетімді болды. Сол жақтан барып еститін болдық. – деді Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова.

Конференция барысында қатысушылар осы салаларда халықаралық стандарттарды қолдану кезінде туындайтын негізгі міндеттерді талқылап, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған шараларды шешудің нақты қадамдарын белгіледі.