АЗАМАТТАРДЫҢ АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ АБСОЛЮТТІ ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАРЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев абсолютті құқықтар мен абсолютті емес құқықтардың айырмашылығын түсіндірді. Жалпы алғанда әр адамның туа біткен құқығы бар екені рас. Алайда:
– Адам туғаннан бастап белгілі бір негізгі құқықтарды алады. Оның үстіне, ер ме, әйел ме, сәби ме, қария ма, еліміздің азаматы ма, шетелдік пе, бәрібір. Осы субъектілердің әрқайсысына тиесілі құқықтар болады. Бұл – тиісті конвенцияның немесе Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің қатысушысы болып табылатын кез келген ел орындауға міндетті негізгі нәрселер, – деді адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
Уәкіл сондай-ақ абсолютті адам құқықтарының абсолютті емес құқықтардан қалай ерекшеленетінін түсіндірді.
– Абсолютті құқықтар бар, абсолютті емес құқықтар бар. Абсолюттік құқықтар – бұл реттелуі тұрғысынан бұзылуға немесе қандай да бір жолмен ықпал етуге келмейтін адам құқықтары. Мысалы, адамның жеке басына қол сұғылмаушылық құқығы, азаптаудан құтылу. Қандай жағдай болса да, бұл өте маңызды қажеттілік болса да – сіз адамды азаптай алмайсыз. Одан кейін абсолютті емес адам құқықтары. Бұл мемлекет бұдан да үлкен қандайда бір дүние үшін, мысалы, басқа азаматтардың құқықтары үшін шектей алатын құқықтар, – деді Ластаев.
Абсолюттік құқықтарға: меншік құқығы, барлық жеке мүліктік емес құқықтар жатады. Бұл — сайлау құқығы, баспана құқығы, азаматтық, құқығы, қорғану құқығы, авторлық құқық, ой-пікір және ар-ождан бостандығы құқығы және т.б.
Ата Заңымыздың 83-бабында атап көрсетілгендей, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы және қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалған