АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ЕТУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

ҚР Еңбек кодексінде ұжымдық шарттар негізгі құқықтық құжат болып қалады. Оған қарап жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қарым қатынасы қалыптасады. Екінші жағынан қызметкерлердің еңбек мүмкіндіктері мен құқықтары белгіленіп, жеке ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту көзделген. Осылайша, өз дәрежесінде дамымай келген келісімдер мен ұжымдық шарттар рөлін көтеру қарастырылған.

Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымында не қамтылады?

Ұжымдық шартқа, еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу жүйелері, жұмыскерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге арналған тарифтік мөлшерлемелер мен айлықақылар, үстемеақылар мен қосымша ақылар мөлшерлері туралы; разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы; жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы; салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы; кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасау туралы; ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы; жұмыскерлер мен жұмыс берушінің ұжымдық шарттың орындалуын бақылауы және ол үшін жауаптылығы туралы; жұмыс берушінің жұмыскерлер өкілдерінің пікірлерін есепке алуды талап ететін актілері туралы ережелер және осы Кодексте айқындалған басқа да мәселелер бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.

Жұмысшылардың жағдайын нашарлататын ұжымдық шаттарды қолдануға болады ма?

Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.