АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ШЕШІЛДІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотында талап қоюшы мен жауапкер өзара татуласты. Осы шағым бойынша іс қараған сот отырысында талап қоюшы өз талап қоюынан бас тартты, ал жауапкер талап қоюды мойындаған. Істіқараған судья-медиатор Ж.Үсеннің сот отырысында медиация келісімінің артықшылықтарын түсіндіру нәтижесінде жауапкер «тик-ток» әлеуметтік желісінде орналастырылған бейне жазбаны осы келісім қол қойылған сәттен жоюға, өз еркімен 400.000тг құрайтын моральдық шығынды б2026 жылғы 25 мамырға дейін ай сайын бөліп төлеу арқылы өтеуге міндеттенді. Ымыраға келген екі тарап осы келісімді соттан бекітіп беруді сұрады. Аталған медиациялық келісім бекітіліп іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және төленген мемлекеттік баж кері қайтарылды.
Сондай-ақ Ордабасы ауданында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеуде заңнаманың талаптарын сақтау мәселелер талқыланған жиын өтті. Онда аудандық сотының судьясы Үсен Жанәділ Абылайұлы және Мирзабеков Қиятбек Амандықұлы ұйымдастыруымен жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген инспекторлардың қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында хаттамаларды түзу және хаттамаларды электрондық нұсқада рәсімдеп, сотқа жолдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Жеке айыптауларды сотқа жолдау барысында орын алатын кемшіліктерді алдын алу жайы сөз болды.
Жергілікті полиция өкілдері отбасы-тұрмыстық қатынастағы істерді тараптар татуласқан жағдайда сотқа жеткізбей, өздері қысқартып отыруына заңнамалық тұрғыда өкілеттік берілсе, сот жүйесінде жүктеме артпас еді деген ойларын жеткізді.
Жиынға қатысушылармен аталған тақырып бағытында жұмыстарды жандандыру бойынша пікірлер алмасып, ұсыныстар айтылды.