Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ұсынып отырған мәлімет бойынша ағымдағы жылдың басында алкогольге тәуелді 90 мың 946 адам есепке алынған. Оның 3,2%-ын 18-29 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл статистика 2022 жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Жастардың осындай кеселге душар болуының мамандар негізгі екі себебін қарастырады:
Біріншіден, жастар арасында коньяк, сыра, шарап сияқты спирттік ішімдіктерді тұтыну өте көп тараған. Кез келген мейрамхана мен көңіл көтеретін орындардан бұл сусындардың кең ассортиментін табуға болады. Олардың кез келгенінің құрамында белгілі бір мөлшерде алкоголь бар екені анық.
Екіншіден, алкогольдердің қолжетімділігі мен оларға деген агрессивті жарнама.
Қазақстанда темекі шегуге және алкогольді тұтынуға қарсы күрес бойынша бірқатар шаралар бар. Олардың кейбіреулері мыналарды қамтиды:
Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдері мен алкогольді сатуға және таратуға тыйым салу.
кафелер, мейрамханалар, көлік және басқа қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салатын заңнама.
Темекі өнімдері мен алкогольдік сусындарға жарнамалық шектеулер енгізу.
Темекі шегу мен алкоголизмге қарсы білім беру науқандары мен бағдарламаларын өткізу.
Темекі мен алкоголь туралы заңнаманың сақталуын үнемі тексеріп отыру және бақылау.
Темекі шегу және алкогольді тұтыну туралы заңнаманы бұзғаны үшін қаржылық айыппұлдар мен жазалар.
Бұл шаралар қоғамда темекі шегу мен алкогольді тұтынуды азайтуға және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.
2021 жылғы 1 шілдедесінде темекі мен темекі бұйымдарын ашық орналастыруға тыйым салу туралы заң ережесі күшіне енді. Жаңа заң бойынша, сауда нүктелерінің иелеріне темекі мен басқа да темекі бұйымдарын ашық қоюға тыйым салуды бұзғаны үшін 180 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Бұл ретте айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін – 15 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 70 АЕК құрайды.