«АЛТЫН ҚОРЖЫН – 2024» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент қаласындағы Қалалық жасөсіпірімдер кітапханасында «Алтын қоржын 2024» жобасы аясында C.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің үш алыбы» әдеби талқылау кеші өтті. Әдеби кешке «Парасат» колледжі оқытушысы М. Жұмабекова, Қаратау дәстүрлі өнер мектебі ұстазы А. Орынбетова және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ, ШУ және Парасат колледжі студенттері қатысты.
«Үш бәйтерек» бейнебаянымен ашылған кеш Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің оқушысы Нұртаза Джанкарашовтың әуелетуінде С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне ұласты.
Кеш барысында С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин шығармашылықтары талданып, «Аққудың айрылуы», «Қызыл ат», «Күй» поэмаларындағы авторлық идея мен «Раушан коммунист» повесіндегі ұлттық характер жасау шеберліктері тұрғысында терең ойлар айтылды.
Ө. Жәнібеков атындағы ОҚМПУ студенттері Е. Дүйсенбаев, А. Керімбек, ШУ студенттері А. Умирзакова, З. Нишанбаева және Парасат колледжінің студенттері, кітапханашы Н.Сейдахметова ақын, жазушы шығармаларының көркемдік астарына үңіліп, сол кезеңдегі қоғам шындығымен байланыстыра ой таразылады. Өлеңдері оқылып, жырдан шашу шашты. Кеш соңында белсенді студенттер марапатталды.