БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласының прокуратурасында аудан прокуратураларының қызметкерлеріне арналған «Прокурорлық қадағалаудың жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудағы және балалардың құқықтарын қорғаудағы рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шара «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ прокуратура органдарының жас мамандарымен жұмыс жүргізу аясында ұйымдастырылып отыр.

Семинар барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізгі мәселелері талқыланды. Жасөспірімдер ортасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, прокуратураның мемлекеттік органдармен және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылына, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудың және балалардың құқықтарын қорғау мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудағы негізгі құрал ретінде прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Көрнекі фотосурет ашық интернет көздерінен алынды