БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢДАРҒА ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТАЛДАУ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңының 17-бабының 2-тармағын талдау тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасының он шарасының жетеуі «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңының құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы шараларын қайталайтынын көрсетеді. Бұдан басқа, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңының 19-23-баптары аталған шараларды нақтылауға арналған. Алайда ішкі істер органдарына жеткізу, әкімшілік жаза, атаана құқығынан айыру және шектеу сияқты шаралар, сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар жіберілгеніне қарамастан көрсетілмеген. Алдағы уақытта «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы», «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР заңдарына егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет, онда қайталанатын нормалар қамтылған және мүмкін, құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы бірыңғай заң қабылдау туралы мәселені шешу қажет. Бұл жалпы талаптарды белгілеуге және барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және профилактиканың басқа да субъектілерінің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңындағы жеке блокта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы субъектілерінің құзыреті көзделеді (Үкімет, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар, ішкі істер органдары, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдар, денсаулық сақтау және көмек көрсету ұйымдары).