БАЛА МҮДДЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша, оның ішінде ерлі зайыптылардың ортақ балалары бар неке бұзу істерінің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда отбасылық қатынастардан туындайтын даулар, оның ішінде ерлі зайыптылардың ортақ балалары бар неке бұзу істерін қараудағы мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелге Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Нахипов, Түркістан қаласының білім бөлімнің өкілдері, Түркістан қалалық АХАТ бөлімінің өкілдері, психолог-маман, адвокаттар мен медиатор және сот қызметкерлері қатысты. Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Нахиповтың айтуынша өңірде сотқа неке бұзу талап қою арыздармен жүгінуші ерлі-зайыптылар саны көбейген. Мәселен, 2024 жылдың 9 айында сот қарауына заңды некені бұзу туралы 1 мың 170 талап арыз жіберілген. Бұл алаңдатарлық жағдай. Баяндамашы сондай-ақ дөңгелеу үстел қатысушыларына Қазақстан Республикасының неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Заңының 19-бап некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу жолдарын айтып берді.
Отбасылық-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне тоқталып, отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында медиатордың техникасымен ерлі-зайыптыларды заң шеңберінде медияция заңымен татуластыру арқылы бітімге келтіру жолдары айтылды. Жалпы бүгінгі таңда елімізде отбасы қатынастарында бала мүддесі ең басты назарда.
Іс-шара соңында адвокат, психолог тар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.