БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ АҒАРТУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің бастамасымен Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында 11 сынып оқушыларымен балалар мен жастардың құқықтары бойынша кездесу өтті. Білім ұяларында мұндай жиын құқықтық ағарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Басқсоуға адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің жанындағы құрылған сараптамалық кеңес мүшелері Жұмақов Талғат Бейсенбекұлы, Дарханбаева Лайла Орынбайқызы, сонымен қатар Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам әлеуметтік орталығының өкілі және Созақ  ауданы полиция басқармасының әйелдерге қатысты зорлы-зомбылық тобының инспекторы полиция майоры Манапова Айжан Қалмаханқызы қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы қатысушыларға Адам құқықтары жөніндегі уәкілі қызметімен міндеттері туралы айтып, бұзылған құқықтары бойынша Өкілдікке жүгіну құқықтары туралы хабарландырды.

Оқушыларға балалардың құқықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған маңызды заң қабылданғанын айтылып, олардың құқықтары туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылықтың, жасөспірімдер суицидінің, әлімжеттік, қылмыстық фактілер мен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды.

Елімізде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң 2022 жылдың 5 қарашасында қабылданған. Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. Ол 6 тарау мен 23 баптан тұрады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оларды сақтау мен құрметтеудің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам болып табылады.