Банк қызметкерлері ескертеді: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ КҮМӘНДІ QR-КОДТАРДЫ СКАНЕРЛЕМЕҢІЗ!

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Қазіргі таңда банк қызметкерлерінің атын жамылып, интернет-алаяқтық әрекеттерін жасаушылардың қатары көбейіп тұр. Осы тұрғыда еліміздегі екінші деңгейлі банктер арасында беделділерінің бірі «Halyk bank» банкінің Шымкент қаласындағы филиалының қызметкерлері қала тұрғындарын SMS хабарлама,  QR-кодтар арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың түрлері мен олардан қорғану жолдарын түсіндіреді.

Банк қызметкерлері төмендегі интернет-алаяқтардың бірнеше әдіс-тәсілдерін және олардан қорғанудың жолдары туралы кеңес береді:

1. Абайлаңыз: жалған QR-кодтар!

Интернет-алаяқтар, зиянкестер жалған QR-кодтарды қоғамдық орындарда – стендтерде, аялдамаларда, афишаларда, баннерлерде орналастырады. Мұндай кодтар жалған сайттар мен төлем беттеріне әкелуі мүмкін. Тек тексерілген дереккөздерден сканерлеңіз және төлем жасамас бұрын сілтемені тексеріңіз.

2. Email арқылы алаяқтық

Бейтаныс лектронды мекен-жайлардан түскен хаттардағы файлдар мен сілтемелерді ашпаңыз. Олар интернет-алаяқтар, зиянкестердің сайттарына кіргізуі немесе зиянды бағдарламаларды қамтуы мүмкін. Күмәнді хаттарды бірден жойыңыз.

3. Бейтаныс адамдардан қоңырауларды қабылдамаңыз

Мессенджерлердегі бейне және аудио қоңыраулар арқылы алаяқтар сіздің биометриялық деректеріңізді алып, оларды қаражатты есептен шығару және қарызды ресімдеу үшін пайдалануы мүмкін. Белгісіз нөмірлерден қоңырауларды қабылдағанда сақ болыңыз.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Halyk bank» банкінің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін 19 бөлімшесі жұмыс істейді. Қандай да бір қаржылық алаяқтық әрекеттерге душар болып жатсаңыз, банктің 7111 колл-орталығына немесе Шымкент қаласындағы мына мекен-жайлардағы бөлімшелеріне хабарлассаңыз болады:

1) Бөлімше 299907. Шымкентт қаласы, Елшібек батыр көшесі, №118 үй;

2) Бөлімше 299908. Шымкент қаласы, Қ.Төлеметова көшесі, 69/37 үй, 4 е.м.;

3) Бөлімше 299912. Шымкент қаласы, Конаев даңғылы, 38 үй., 5 е.м.;

4) Бөлімше 299913. Шымкент қаласы, Асқаров көшесі, №32/75 үй;

5) Бөлімше 299915. Шымкент қаласы, Отырар шағынауданы, №58/4 үй;

6) Бөлімше 299916. Шымкент қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №1/4 үй;

7) Бөлімше 299917. Шымкент қаласы, Тәуке Хан даңғылы, 13 үй;

8) Бөлімше 299920. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Кызылжар шағынауданы, Жиделибайсын көшесі, №92 үй;

9) Бөлімше 299921. Шымкент қаласы, 264 орам, ғим. 1;

10) Бөлімше 299922. Шымкент қаласы, Нұрсәт шағынауданы, №28/1 үй;

11) Бөлімше 299923. Шымкент қаласы, Әмір-Темір көшесі, 1296 үй;

12) Бөлімше 299978. Шымкент қаласы, Б. Момышұлы даңғылы, №25 үй;

13) Бөлімше 299979. Шымкент қаласы, Республика даңғылы, №35А үй;

14) Бөлімше 299980. Шымкент қаласы, Әл-Фараби даңғылы, №3/10 үй;

15) Бөлімше 299981. Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылы, №36/1 үй;

16) Бөлімше 299982. Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №82/1 үй;

17) Бөлімше 299984. Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 49 үй;

18) Бөлімше 299985. Шымкент қаласы, Абай ауданы, 062-орам, 741А үй;

19) Бөлімше 299988. Шымкент қаласы, Әл-Фараби даңғылы, №3/10 үй.