БИЫЛ 18 ЗАҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Қазақстан Рспубликасы Үкіметінің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес биыл Парламентте 18 заң жобасы қаралатын болады.  Бұл мәселе 2023 жылдың 21 қыркүйегінде Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданды. Еліміздің әділет министрі Азамат Есқараевтың

– Бастапқыда жоспар жобасында 16 заң жобасын әзірлеу көзделген болатын. Оны таныстыру барысында негізгі ережелері, сондай-ақ оларды әзірлеу негіздері баяндалды. Бүгінде жоспарға шамалы өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Парламент депутаттарының ұқсас заң жобасына бастамашылық жасағанына байланысты тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заң жобасы Жоспар жобасынан алып тасталды. Архив ісі және мәденит меәселелері бойынша және «Кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы» заң жобалары қосымша енгізілді,-деді.

Сондай-ақ әділет министрінің айтуынша, ұсынылып отырған Жоспар жобасында Президент Әкімшілігінің ескертулері ескерілген. Пысықталған Жоспар жобасы 18 заң жобасын әзірлеуді көздейді, оның ішінде Парламентке бірінші жартыжылдықта үш, екінші жартыжылдықта 15 заң жобасын енгізу жоспарланып отыр. Аталған заң жобаларының консультативтік құжаттары ведомствоаралық комиссияда мақұлданды.

Үкіметтің 2023 жылға  арналған жобалау жұмыстарының жоспары  бойынша былтыр Парламент Мәжілісіне 32 заң жобасын әзірлеу және енгізу көздеген болатын. Жыл бойында  Жоспарға 7 өзгеріс енгізілген. Және  4 заң жобасы бойынша енгізу мерзімдері ауыстырылды. Оның ішінде  мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша заң жобасы алынып тасталды және 8 жаңа жоба толықтырылды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өткен айда Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен өткізген кездесуінде  Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалар мен бастамаларды тиімді жүзеге асыру жолдары мен тәсілдеріне тоқталған болатын.