БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухана базасында кезекті 221-ші бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің фейсбуктегі ресми парақшасы хабарлаған.
Науқастар ерлі-зайыпты, донор – әйелі, ал күйеуі – рецепиент. Бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған науқас гемодиализ аппаратына тәуелді болған.
Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен қондырып берді.
Қазір екі пациенттің де жағдайы жақсы. Бүйрегін алмастырған науқастар үйіне шығарылды.