ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫ ТЕЛЕФОН АЛАЯҚТАРЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Телефон арқылы жасалатын интернет-алаяқтық жағдайлары әлі де күн сайын тіркеліп жатыр. Олардың негізгі құрбандары көбінесе егде жастағы адамдар болып табылады. Осыған байланысты, Шымкент қаласының құқық қорғау органдарының мамандары интернет-алаяқтардан қорғанудың тәсілдерін үйретеді.
Қаскүнемдер дәл осы санаттағы азаматтарды өздерінің сеніміне енгізіп алып, олардың қазіргі заманғы алдау әдістері туралы жеткіліксіз хабардар болуына байланысты таңдап алып жатады. Қылмыскерлер өздерін банктің, полицияның, мемлекеттік органдардың немесе әлеуметтік қызметтердің қызметкерлері ретінде таныстырады және қорқыныш тудыруға және адамды олардың талаптарын орындауға мәжбүрлеуге тырысып, банктік шоттардағы «күдікті операциялар» туралы хабарлайды. Әдетте, алаяқтар қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару арқылы дереу «құтқару» керек деп, жедел әрекеттің сұлбасын жасайды. Әрі қарай, олар адамның мобильді банкингті пайдаланатынын нақтылайды және қаржылық операцияларды қалай орындау керектігін кезең-кезеңімен үйретеді.
Мұндай жағдайда, көбінесе, қылмыскерлер үшінші тарап бағдарламаларын орнатуды немесе телефонға қашықтан қол жеткізуді ұсынады. Бұл оларға құрылғыны толық бақылауға және ақшаны ұрлауға мүмкіндік береді. Шымкент қаласының қарт тұрғындарын қорғау үшін алаяқтықтың бірнеше негізгі белгілеріне назар аудару қажет екенін түсндіреміз.
Біріншіден, қоңырау шалушы кісі өзін тіпті олар банктің, полицияның немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері деп сендірсе де бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенуге болмайды. Сіздің жеке деректеріңізді білуі олардың түпнұсқалығын растай алмайды: мұндай ақпарат көбінесе ашық көздерден алынады немесе алдын-ала ұрлануы мүмкін.
Екіншіден, сіз әрқашан қоңырау шалатын адамның деректерін нақтылап алуыңыз керек. Оның атын, лауазымын және бөлімшесін жазып, содан кейін банктің немесе мемлекеттік органның ресми колл–орталығына өз бетіңізше қайта қоңырау шалып тексеріп алғаныңыз маңызды. Егер, қоңырау шалушы әңгімені тоқтатқысы келсе немесе ақпаратты тексеруге тыйым салса, бұл алаяқтықтың тікелей белгісі.
Мұндай жағдайда, абонент өзінің туысы екенін айтса және шұғыл ақша аударуды сұраса, ерекше сақ болу керек. Осындай жағдайларда сіз абыржымай, дүрбелеңге салынбауыңыз керек. Бірақ жақын адамыңызға дереу қоңырау шалып, оның шынымен көмекке мұқтаж екенін анықтап алғаныңыз дұрыс.
Қандай жағдай болмасын, телефон арқылы банк картасының деректерін, оның деректемелерін, үш таңбалы CVV–кодты, парольдерді, SMS–кодтарды немесе шоттардағы сомаларды хабарлауға қатаң тыйым салынады. Банктің немесе мемлекеттік органның бірде-бір қызметкері телефон арқылы осындай ақпаратты сұратуға құқылы емес.
Егер, сіздің телефоныңызға күдікті біреуден қоңырау түссе, әңгімені дереу тоқтатып, банкке немесе полицияға хабарлау керек. Мәліметтерге ұқыптылық пен қырағылық – Шымкент қаласының қарт тұрғындарын алаяқтардың әрекетінен қорғаудың негізгі құралы болып табылады.