ЕЛІМІЗДЕ АГРЕССОРЛАРДЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН ОҢАЛТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік қорғау саласындағы, оның ішінде олардың қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметі арқылы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Заңнамада белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адам деп танылған жәбірленушіге мұндай қызметтер көрсетіледі. Адамдарды әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастан зардап шеккендерге жатқызу негіздері уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген тиісті өлшемшарттармен айқындалады. Арыз иесін сәйкестендіруді қызмет көрсету субъектісі уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді. Ішкі істер органдары тұрмыстық зорлықзомбылық саласындағы құқық бұзушылықты анықтаған (тапқан) кезде адамды сәйкестендіруді ішкі істер органдары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектімен және уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді. Адамды денсаулық сақтау немесе білім беру ұйымдары анықтаған жағдайда, ішкі істер органдарына хабарланады. Егер арыз иесі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып анықталмаса, онда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден бас тартылады. Қызметтерді алу үшін адам баллмен өлшенетін тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездіктің болуын бағалаудың шекті көрсеткіштерін жинақтуы тиіс. Егер блоктардың біреуі бойынша балл сомасы 5 және одан көп болса, адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты ісәрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, ел бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 46 дағдарыс орталығы көрсетеді, оның 15-і мемлекеттік, 31-і мемлекеттік емес ұйымдар.