ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінде жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы жалпыға бірдей декларацияны тапсыру жөнінде семинар сабағы өтті. Жиынға Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Д.Назарқұлов, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Д.Жұмаділов, құрылымдылық бөлім басшылары және аудандық соттардың сот әкімшілерінің басшылары мен сот қызметкерлері қатысты. Семинар сабақты Д.Жұмаділов кіріспе сөзбен ашып беріп, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы салық органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыру міндетті екендігі ескертіліп, мәліметтерді уақытылы ұсынбаған қызметкерлерге әкімшілік айыппұл салу көзделгенін жеткізді. Жиында сондай-ақ мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Д.Назарқұлов та баяндама жасады. Баяндамашы жалпыға бірдей декларацияны бірінші жылы 250-нысан бойынша, одан әрі 270-нысан бойынша тапсыратындығын түсіндіріп, аталған нысандар бойынша декларацияны «Е-Salyq» қосымшасы арқылы тапсыруға болатынын жеткізді. Декларацияны тапсырған уақытта мұқият болуды және толтырылған ақпараттардың дұрыстығына көз жеткізу қажет екендігін ескертті.

Семинар аяғында сот қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарына, тиісті жауаптарын ала алды.

Елімізде жалпыға бірдей деларация тапсыру ісі 2021 жылғы 1 қаңтарынан басталған болатын. Ол төрт кезеңнен  тұрады. Оның алғашқы  кезеңі 2021 жылғы 1 қаңтарынан, екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарынан, үшіншісі биыл жыл басынан басталды. Осыған сәйкес үстіміздегі жылы заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;  жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеліп отыр. Ал оның соңғы кезеңі келесі жылдың басынан басталады.