ЖАСТАРҒА ЗАҢГЕРЛІК БОЙЫНША КЕҢЕС

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыс орталығындағы Қуаныш базарында “Ашық есік күні” өтті. Оны “Әділетті Қазақстан-Адал азамат” тұжырымдамасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарланған іс шараларына сәйкес, өңірдегі  Азаматтық Альянс заңды тұлғалардың нысанындағы бірлестіктірі ұйымдастырды.   Ашық есік күнінде» Түркістан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар, заң консультанттары, нотаруистер және сот орындаушылар, ерікті заңгерлер, Азаматтық Альянс Заңды тұлғалардың нысанындағы бірлестіктің өкілдері, іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері тұрғындарға ақысыз заң кеңестерін берді.  Бірқатар мәселелері бойынша заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Түркістан облысы Әділет департаменті Сауран ауданында «Жастарға заңгерлік бойынша кеңес» атты кездесу  де ұйымдастырды. Аудандық мәдениет үйінде өткен жиында департамент қызметкерлері С.Тәңірбергенов және заң консультанты Ж.Байболова, нотариус маманы  А.Молдалиева, сот орындаушы Н.Тілеубергенұлы құқықтық және  қаржылық сауаттылықты арттыру, қаражатты тиімді жұмсау,  отбасылық проблемалардың шешімі, заңдағы қағидалар  бойынша ақпараттар берді.

Бүгінгі нарықтық қоғамда қаржылық және құқықтық сауаттылық әрбір азамат үшін маңызды болып саналады. Себебі күнделікті ақшалай операциялардан бөлек, несие, депозит, ипотека, интернет алаяқтықтың алдын алу, еңбек кодексі, әдеп кодексі сынды жағдайлар да бар. Оның әрбірі тиімді шешім қабылдай алу мен мұқияттылықты талап етеді. Сондықтан кездесу жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық және құқықтық  сауатын арттыру, заңгерлік консультациялар, нотариустық іс әрекеттер бойынша конституциялар беруді мақсат етті.