ЖАСТАРҒА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Түркістан облысының Әділет департаменті Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрімен 2022 жылы 31 наурызда бекітілген 2022-2024 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 4-тармағын орындау мақсатында, Түркістан жоғары медицина колледжінің студенттеріне «Жастарға заңгерлік кеңес» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Ербекешов, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Ү.Құлымбет, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консульттанттары палатасының заң консультанты Ж.Байболова, жеке сот орындаушы Н.Тілеубергенұлы, жекеше нотариус С.Орынбаевалар қатысып студенттерге жастардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, жастардың кез-келген бастамаларын жылдам шешуге көрмек көрсету, азаматтық, қылмыстық, әкімшщілік құқықбұзушылықтың салдарын және де дауларды медиация рәсімі тәртібімен шешудің қолайлығы түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар жөніндегі жадынамалар таратылды.
Бұдан бөлек «Еңбек күні» күніне орай «Еңбектен тапқан бақытын» атты баяндама оқылды. Қазақстанда 2013 жылдан бері жыл сайын қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтіледі. Шараның барысы нағыз еңбек адамын ұлықтау болды. Соған сай, сала мамандар арнайы келіп, жиналған студенттерге өз тағылымын ұсынды. Мақсат – өскелең ұрпақтың бойында еңбексүйгіштік қасиетін қалыптастырып, кәсіптегі қабілетін шыңдау болып табылады.