ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түкістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандағы білім беру ұйымдарына барып, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында полиция бастығының бірініші орынбасары Нұрлыбек Нарбаев мектеп оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге жалпы құқық бұзушылық алдын алу, құмар ойындар, лудомания, есірткінің алдын алу тақырыбында түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіре отырып, қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлерін айтты. Сондай-ақ қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы айтып берді.
Сонымен қатар полиция подполковнигі Нұрлыбек Нарбаев өзінің қызметтік тәжірибесі барысында орын алған оқиғалар мен мысалдар келтіре отырып, қылмыс жасаған жағдайда қандай себеп пен салдарға әкеліп соқтыратынын және заңбұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін еліміздің заңдары бойынша 14 жастан бастап әкімшілік жауапкершілік, ал 16 жастан бастап қылмыстық жазаға тартылатынын түсіндірді. Шара соңында мектептің қауіпсіздік жағдайын тексеру мақсатында бейнебақылау камералары және турникеттері, дабыл қоңыраулары тексерілді. Ал кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегімен 23 қыркүйек күндері аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен болатын. Шара барысында
түнгі уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде, компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда жүрген балалар мен жасөспірімдер анықталды.