“Жасөспірімдер арасында буллингті алдын алу”
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
“Жасөспірімдер арасында буллингті алдын алу”. Түркістан облысы Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласының мәдениет үйінде осындай тақырыппен ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған семинар тренинг өтті.
Жиын ұйымдастырушысы Адам құқықтары жөніндегі үәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қожабекова Наталья Сұңғатқызы және аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Айнабеков Шоқан модераторлық етіп, қонақтармен және жиынның мақсатымен таныстырды.
Наталья Сұңғатқызы презентациялық баяндама жасап, жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді. Сарапшы Дарханбаева Ләйлй ханым жасөспірімдер арасында суицид салдарын алдын алу бойынша мәлімдеме жасады. Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығы төрайымы Ақбаян Төлбасықызы “Оқушылар арасында буллингті болдырмау және алдын алу” мұғалімдер мен оқушыларға арналған тренинг өткізді.
Жиынға қатысушылар алған білімдеріне қызуғышылық танытып, тренингке белсенді қатысып, нәтижелілігі бойынша кері байланыс берді.Алдағы уақытта да осы жұмыс жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.
Жалпы балалар мен жасөспірімдердің отбасындағы, қоршаған ортасындағы түрлі қиындықтарға тап болуы олардың жанкүйзелісін тудырып, ақыр соңы өз өзіне қол жұмсауға иетермелейді. Мұндай қайғылы жағдайға қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамуы да кері әсерін тигізуде. Ресми деректерге жүгінсек, дүниежүзінде жыл сайын 800 мыңға жуық адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Ал оның көпшілігі 10-24 жас аралығындағы жасөспірімдер. Қазақстан суицид бойынша бүгінгі таңда 177 елдің ішінде алдыңғы ондыққа кіріп отыр. Сонымен қатар 11-15 жастағы әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім ай сайын буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Оған қатысу ұлдар арасында көбірек таралған деген де дерек бар. Сондықтан мектеп оқушыларымен мұндай кездесулер өткізу суицидтің алдын алуға ықпал етпек.