ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласының Сайрам-Жібек жолы көшелері қиылысында тағы бір әдемі жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға беріліп отыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі өзінің ресми парақшасында бөліскен.

Жаңа гүлзардың аумағы 10 000 шаршы метр алаңды қамтыған. Мұнда тұрғындардың демалысы үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.

– Жоба «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында жүзеге асырылды. Демеушілер мен мердігер компания өкілдеріне атқарылған жұмыстар үшін алғысымды білдіремін. Мақсатымыз – қаланы халыққа өмір сүруге барынша қолайлы ету. Біз саябақтар мен алаңдарды абаттандыру мен көгалдандыруды бірегей стильде жасауға тырысамыз. Халық көп шоғырланатын орындарды көгалдандыруды жалғастырамыз, – деді қала әкімі.

Бұған дейін бұл маң сауда нысандары заңсыз орнатылған аумақ болып келсе, енді халықтың серуен алаңына айналды. Мұнда шағын архитектуралық пішіндер, табиғи тастан жасалған орындықтар, жарықтандыру шамдары орнатылып, көгал төселіп, 200-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Жалпы, жасыл аумақ шамамен 7500 шаршы метрді құрайды. Оған қоса, балаларға арналған екі ойын алаңы да бар.