ЖОЛДАУ-2024: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді» деп тоқталған болатын. Бүгінде қоғамдағы әділеттілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді мақсат еткен бірқатар адам құқықтары саласындағы реформалар тақырыбындағы Әділет министрлігінің ресми хабарламасын назарыңызға ұсынсақ.

Әділет министрлігі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға көп көңіл бөледі. Кемсітушілікке қарсы іс-қимылға, халықтың осал топтарын қорғауға және әділ сот төрелігінің кепілдіктерін нығайтуға бағытталған жаңа тетіктер әзірленіп, енгізіліп жатыр. Бұл саладағы қазақстандық бастамалар халықаралық деңгейде қолдау тауып жатыр, бұл елдің құқықтық мемлекет ретіндегі беделін нығайтады.

«Осылайша, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, атқарушылық іс жүргізу тараптарының әрқайсысы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде болжамды, заңды жағдайға және дауларды шешудің өзге де тәсілдеріне сенімді болған кезде әділ заңдардың қабылдануы ғана емес, олардың сапалы орындалуы да қамтамасыз етілетін болады», – деп атап өтті ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

ІІМ мен Әділет министрлігі қабылдаған шаралар мемлекеттің «Заң және тәртіп» біртұтас және тиімді жүйесін құруға ұмтылатынын көрсетеді. Бұл жүйе заманауи технологияларға, заңнаманы жетілдіруге, қоғамның белсенді қатысуына және құқық бұзушылардың қатаң жауапкершілігіне сүйенеді.

Мемлекеттің міндеті – сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймай, құқықтық тәртіп өмір сүру нормасына айналатын жағдайларды қалыптастыру. Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтардың сенімін нығайта отырып және елдің болашақ дамуы үшін берік іргетас қалап, осы бағытта сенімді түрде қадам басып келеді.