ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бүгін, 2026 жылдың 11 ақпан күні ауа райының күрт өзгеріп, қалың қар түсуіне байланысты, Алматы-Термез халықаралық күре жолының Шымкент қаласы тұсынан бастап Тараз-Алматы бағыттарына қарай жүк көліктеріне шектеу қойылғанын ескертеді. Бұл жөнінде Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабар таратып отыр.

 

Осы орайда, Полиция қызметі «Жүргізушілер назарына! Өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз. Қыс мезгілінде сақтықты күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауа райы жағдайын ескерген жөн. Аса қажеттілік болмаса ұзақ жолға шықпаңыздар» деп ескерту жасап, маңызды хабарлама жасап отыр.

 

Айта кетсек, ауа райының нашарлауына және күре жолдағы көктайғаққа айналуына байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет режимінде жұмыс атқарып жатыр. Осыған сәйкес, полиция патрульдік экипаждарының негізгі бағыты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетуге бағытталып отыр.