ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫН ИГЕРГЕН 32 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы байланысты күшейту үшін Enbek.kz электронды еңбек биржасы белсенді қолданылып келеді. Өңір бойынша биыл азаматтарға 2 мың 178 бос жұмыс орны ұсынылып отырса, соның 47 пайызы жұмысшы мамандықтары. Жұмыссыздарды ұсынылып отырған мамандықтарға сай онлайн оқыту арқылы 5 мың 333 азамат қайта біліктілігін артырып, аранйы сертификат алды. Ал, 2025 жылға түзілген «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 мың 769 жұмыс орны ашу көзделсе, қыркүйек айына дейін 100 мың  807 жұмыс орны ашылды. Оның  32 мың 473-і жұмысшы мамандықтарына тиесілі.

Жалпы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы еліміздің еңбек нарығындағы өткір мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік беретін ауқымды бастама болды. Жастардың техникалық және өндірістік салаға бет бұруын арттыру, жұмыссыздықты төмендету және еңбекке адал көзқарасты қалыптастыру  осы бастаманың басты мақсаттары болып отыр. Түркістан облысында да бұл бағытта қыруар жұмыс атқарылып, нақты көрсеткіштер мен нәтижелерге қол жеткізілуде.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында осы жұмыстардың барысы қаралды. Өңір басшысы осы іске жауапты сала мамандарына жұмысшы мамандықтар жылында жүзеге асырылып жатқан шаралардың формальды емес, нақты нәтижеге бағытталуын қатаң тапсырды. Бүгінгі таңда жұмыс орындарын көбейту, шетелдік инвесторлар тартқан өндірістерге отандық мамандарды даярлау, жастарды кәсіптік біліммен қамту сияқты өзекті мәселелер ретінде қарастырылып отыр. Басқсоуда облысы әкімі осы жәйттерді тізбектей келіп:

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру – тек экономикалық емес, стратегиялық маңызы бар мәселе. Жастарды нақты өндіріске, заманауи зауыт-фабрикаларға тарту арқылы біз өңірдің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеміз. Мемлекет басшысының жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» – бұл еңбек адамына құрмет пен қолдау, халқы тығыз орналасқан біздің өңіріміз үшін аса маңызды. Барлық іс-шара есеп үшін емес, нақты нәтиже беретін сапалы көрсеткіш пен адам тағдыры үшін жасалуы қажет. Зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр. Бірақ шетел инвесторлары әлі де маман таппай, сырттан шақыруға мәжбүр. Бұл мәселені шешу үшін жастарды өндірістік орындарға апарып, нақты еңбекпен таныстыру қажет. Жұмысшы болу – бұл ауыр жұмыс емес, абыройлы еңбек. Елдің экономикасы – осы мамандық иелерінің қолында. Біз заманауи кәсіпорындар ашып қана қоймай, сол кәсіпорынға нағыз маман керек екенін ұмытпауымыз керек. Экскурсиялар, тәжірибе, дуалды білім беру – осының бәрі жүйелі түрде жүруі тиіс. Жастарымыз шетелден емес, өз елімізден, өз өңірімізден орын тапса – міне, нағыз жеңіс сол! – деді.

 

Жұмысшы мамандарды оқыту және даярлауға байланысты Түркістан облыстық білім басқармасы да арнайы жұмыс жоспарын түзіп, соған сәйкес жұмыстар атқаруды. «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған жоспар 64 бағыт, 138 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде жұмысшы мамандықтарын дәріптейтін форумдар, көрмелер, жәрмеңкелер, дуалды оқыту жүйесін кеңейту, кәсіптік бағдар беру,  кәсіптік-техникалық колледждердің инфрақұрылымын жетілдіру сынды нақты шаралар қарастырылған.

Бүгінгі таңда облыстағы 50 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 47 мың 450 студент 84 түрлі мамандық бойынша білім алуда. Биылғы жаңа оқу жылында орта арнаулы оқу орындарына қабылданатын талапкерлер үшін 15 мың 500 грант бөлінсе, соның ішінде 8  мың 880 грант (61,9%) жұмысшы мамандықтарына берілді. Ал, былтырғы жылы колледждерді 12 мың 538 түлек бітірген болатын.  Олардың  75,7 пайызы жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік тапсырыспен білім алғандардың 79,5 пайызы жұмысқа  араласып, еңбек жолын бастап кетті.

Өңірдегі орта арнаулы оқу орындарында дуалды оқыту жүйесіне айырқа маңыз беріліп отыр. Бүгінгі таңда дуалды оқыту жүйесіне 36 колледжден 31 779 студент (35%) қатысуда. Соның нәтижесінде студенттер нақты кәсіпорындарда тәжірибе жинап, оқуын бітіре салысымен жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болуда.

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» тапсырмасы аясындағы  жоспар да артығымен орындалды. Межеленген істің пайыздық көрсеткіші  117,8-ге жеткен. Мұндай жетістікке еңбек жәрмеңкелерін тұрақты өткізу де үлкен сеп болды.   Жыл басынан бері 64 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өттіп, азаматтарға 7 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Ашық есік күндері аясында 37 өндіріс орнына 10 мыңға жуық мектеп оқушысы мен колледж студенттері барып, өндірісті өз көзімен көрді. Жұмысшы мамандарды оқытатын білім ұыларында бизнес-стартаптар, халықаралық аккредитация және жаңа жатақханалар салу жұмыстары да қолға алынған.

Түркістан облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында осындай нақты жұмыстар атқарылып, алғашқы тоғыз айда елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Жұмыс орындарын арттыру, мамандар даярлау, дуалды білім беруді дамыту және жастардың техникалық салаға қызығушылығын ояту – бұл бастаманың басты нәтижелері  болып отыр.