Қазақстан өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заңы арқылы бекітіп, мемлекет пен діннің арақатынасын реттейтін зайырлылық қағидаттарына сүйенетінін айқындаған мемлекет.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп айқын көрсетілген.Тиісті орындарға келіп түскен сауалдардың ішінде ең жиі қойылатынын осы зайырлылыққа қатысты сұрақтар екен.
№1 СҰРАҚ Сонымен, зайырлылық дегеніміз не?
Жауап: «Зайырлылық» термині қоғам мен мемлекеттің мемлекеттік-саяси орнығуының айқындаушы сапалы сипаттамасы/белгісі болып табылады. Даль сөздігі «зайырлылық» түсінігін «жерлік», «бұқаралық, тынымсыз», «азаматтық» деген ұғымдармен түсіндіреді. Зайырлылық сипаттама/белгі (біздің жағдайда мемлекеттің) ретінде:
– мемлекеттің кез келген дінге және кез келген метафизикаға қатысты бейтараптығын;
– мемлекеттің кез келген діннен тәуелсіздігі, сол сияқты діннің мемлекеттен тәуелсіздігін;
– ар-ұждан және діни сенімнің еркіндігін;
– қандай да болмасын ресми діннің болмауы, және нәтижесінде әрбір жеке адамның өз таңдауы бойынша кез келген дінді ұстану немесе ешбірін ұстанбау құқығын;
– мемлекеттік мектеп сипатының кез келген діннен еркіндігін ресми мәлімдейтін қағидалардың/ережелердің жиынтығын өзіне жинақтайды.
Бұдан шығатын қорытынды, «зайырлылық» түсінігі мынадай сипаттамалардан тұрады: ▪ бейтараптық (мемлекет пен мектептер),
▪ тәуелсіздік (мемлекеттің діннен және керісінше),
▪ еркіндік (ар-ұждан және діни сенім).
Мемлекеттік-құқықтық салаға байланысты зайырлылық:
▪ жалпыазаматтық бағыттылықты,
▪ діни санкциялаудан немесе қысым жасаудан, діни бірлестіктерге немесе сол сияқтыларға бағынушылықтан тәуелсіздікті білдіретін қоғамдық өмір салаларының, мемлекеттік немесе қоғамдық институттардың сипаттамасы болып табылады.
2 СҰРАҚ
Ал, зайырлы мемлекет дегеніміз не?
Жауап: Зайырлы мемлекеттің көпшілік мақұлдаған белгілері:
▪ оның діни немесе өзге де идеология көздерінен әлеуметтік және формальды тәуелсіздігі;
▪ мемлекеттік тәртіптің шексіз егемендігіне ешбір алдыңғы болып өткен немесе жоғары тәртіпті қарсы қоюға жол бермеу;
▪ жалпыға міндетті діннің/идеологияның болмауы;
▪ мемлекеттің және мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тәуелсіздігі:
– діннің қысым көрсетуінен яки оның идеологиясынан немесе санкциялаудан;
– идеологияны таратуға бағытталған діни бірлестіктерге мемлекеттік қызметтің бағынуынан;
– олардың саяси, бұқаралық-биліктік қатынастарды, мемлекеттік билік органдарының, өзге де мемлекеттік органдар мен мекемелердің, сондай-ақ құқықтық және қоғамдық-саяси институттардың құрылымы мен қызметін құқықпен реттеушіліктің барлығына араласуынан.
Зайырлы мемлекеттің негізгі критериі оның барлық азаматтары үшін міндетті діннің болмауы болып саналады. Бұдан келіп шығатыны, мемлекеттің діни бірлестіктерден бөлінуі зайырлы биліктің өзара қарым-қатынастарын құрудағы негізгі қағида болып табылады. Мемлекеттің діни бірлестіктерден және қызметі идеологияны таратуға бағытталған бірлестіктерден бөлінуі – мемлекеттік қызметтің діни бірлестіктерге бағынуынан және діннің санкциялауынан және қысым көрсетуінен мемлекет пен мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тәуелсіздігін білдіретін немесе бекітетін мемлекет зайырлылығының елеулі белгілерінің бірі.
Мемлекет пен діни бірлестіктер – олардың бір-бірінен бөлінуін абсолюттеу үшін тең құқықты субъектілер емес. Бұл жерде әрқашан мемлекеттің үстемдігі жүреді. Бұған қоса мемлекеттің зайырлы сипаты діни бірлестіктермен өзара әрекеттеспейді дегенді білдірмейді. Ол азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз етеді және діни бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеуді жүзеге асырады. Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастардың жүйесі қоғамдық қатынастардың барлық қалған жүйелерінен оқшаулығын білдірмейді. Діни бірлестіктер қазақстандық қоғамның бір бөлігі, институттары, ал діндар адамдар Қазақстан Республикасының толық құқықты азаматтары болып табылады. Мемлекеттің зайырлы сипаты діни бірлестіктердің қоғамдық өмірден, әлеуметтік үдерістерден, ең алдымен мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және сол сияқты басқа да салалардан оқшаулығын білдірмейді.
3 СҰРАҚ
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетті зайырлы ретінде айқындайды. Оның зайырлылығының қағидалары қандай?
ЖАУАП: Шынында, біздің еліміздің Конституциясы (Негізгі заң) өзінің 1 бабының I бөлімінде: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп ашық айтады. Осылайша ресми мемлекеттік діні жоқ және бірде-бір дін оқулары «міндетті» немесе «артық көрінуі» мойындалмайтын зайырлы ретіндегі қазақстандық мемлекеттің құрылуы мен қызмет етуінің негізін құраушы қағида конституциялық тұрғыда бекітілді. Ал республиканың мемлекеттік құрылысының зайырлы негіздері ешқандай шамада ар- ұждан бостандығы қағидаларына қайшы келмейді. Зайырлы Қазақстанның конституциялық-құқықтық нормаларына талдау жасау келесідей қағидаларға негізделген мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастарының барлық түрлері мен формаларын жүйелеуге мүмкіндік береді:
– діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі;
– республиканың діни-құқықтық кеңістігінде легитімді әрекет етуші барлық діни бірлестіктердің теңдігі;
– мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың зайырлығы;
– білім беру жүйесінің зайырлығы;
– мемлекеттің діни ұйымдарды тікелей қаржыландыруына жол бермеу;
– діни ұйымдардың саяси күреске тікелей қатысуына тыйым салу;
– бір уақытта діни құндылықтар мен қасиетті болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің айрықша тәртібін орнату.
Зайырлы Қазақстан ислам мен православиеге, сондай-ақ өзге де діни конфессияларға тең шамада толерантты қарайды; дінді еркін тұтынуға азаматтардың құқықтарына заңнамалық деңгейде кепілдік береді және оны шынайы түрде қамтамасыз етеді. Конституция саяси партиялардың діни негізде қызметіне жол бермейді. Мемлекеттік билік органдары канондық құқық негізінде емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының (Негізгі Заңының) негізінде құрылады және қызмет етеді. Конституция ережелерінің негізінде Конституцияда, адам құқықтары жөніндегі халықаралық актілер мен Келісімдерде бекітілген ар-ұждан бостандығына азаматтардың құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетігі болып табылатын «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (2011ж.) ҚР Заңы әрекет етеді. Зайырлы мемлекеттегі сияқты Қазақстанда келесі жайттарға сәйкес діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлектену қағидасы жүзеге асырылады: ▪ діни бірлестіктер саяси қызметтің субъектілері болып табылмайды
▪ мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік органдардың қалыптасуына қатыспайды. Сонымен бірге ар-ұждан бостандығы конституциялық-құқықтық түсінік ретінде субъектілердің өзінің сенімдеріне сәйкес ой қорытуға және әрекет етуге, дінге деген өзінің қатынасын өз бетінше айқындауға және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау жағдайында әрекет жасауға ҚР заңдарымен рұқсат етілген және кепілдік берілген құқығын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматтары дінге қатысына қарамастан экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларында заң алдында тең.
Азаматтардың құқықтарын тікелей немесе жанама түрде шектеу немесе дінге қатыстылығына қарай кез келген артықшылықты орнату, немесе осымен байланысты алауыздық пен өшпенділікті ояту, немесе азаматтардың сана-сезімдерін жәбірлеу, сондай-ақ кез келген діннің жолын қуушылардың қасиет тұтатын бұйымдарын, құрылыстарын және орындарын қорлау ҚР белгіленген заңнамамен жауапкершілікке тартылады.
Заңда ескерілген жағдайлардан басқа, өзінің діни сенімдерінің себебінен азаматтық міндеттерін орындаудан бас тартуға ешкімнің құқығы жоқ екені заңнамада нақты көрсетілген. Діни сенімдердің себебінен бір міндетті атқаруды басқасына ауыстыру ҚР заңнамасына сәйкес болғанда ғана рұқсат етіледі. Діни бірлестіктер заңнама шеңберінде мемлекетке азаматтарды әлеуметтік қорғау функцияларын, мәдени-тәрбиелік қызметтерін атқаруға ықпал етеді және жәрдемдесе алады.
Қазақстан Республикасы зайырлылығының конституциялық- құқықтық аспектілері адамдардың дінді ұстануына қарамастан теңдігі туралы, олардың ешбір дінді ұстанбауына еркіндігін қоса алғанда, ар- ұждан мен дін тұту еркіндігіне құқықтары туралы ережелер мен нормаларды бекітуші халықаралық-құқықтық құжаттармен ескерілгенін ерекше атап өткен жөн.
4 сұрақ.
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні неде?
Жауап: Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз екенін атап өтеді. Біздің көпэтникалық еліміздегі бейбітшілік пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік үлгіде әділ мойындалған. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталықтарының бірі болып табылады.
Шынында, бүгінгі күні Қазақстанда 130-дан астам этникалық және 18 конфессиялық топтардың өкілдері бірге тұрады, олардың қатар өмір сүруі мен дамуы үшін елімізде қолайлы жағдай қалыптасқан. Қазақстанда діннің дамуы мен рухани салт-дәстүрлердің жаңаруы еліміздегі діни сенім бостандығын, рухани дамуды, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет пен оның Басшысымен жүргізіп отырған жүйеленген және өлшемденген саясатының нәтижесі болып табылады. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі міндеттері:
- Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік орнату.
- Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық диалогты ұйымдастыру және қолдау.
- Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Көрсетілген міндеттер орталық мемлекеттік органдармен қатар жергілікті атқарушы органдар саясаты ретінде жүзеге асырылады. Қазақстандағы конфессионалдық саясаттың құрылуына негіз болатын басты қағидалар:
- Елдің Конституциясы мен заңдары азаматтардың ар-ұждан және діни сенім бостандығына кепілдік береді. Конституция конфессионалдық, этникалық және өзге де белгілердегі кемсітушіліктің кез келген формасына тыйым салады. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы діни бірлестіктердің еркін қызмет етуі үшін құқықтық негізді нығайтты. Қазақстан адам құқығы аясындағы маңызды халықаралық келісімдер мен шарттарға, оның ішінде осы саладағы БҰҰ-ның негізгі пактілеріне қосылды.
- Қазақстан зайырлы және құқықтық мемлекет саналатындықтан, мемлекет конфессиялардың өз қызметтері мен құқықтарын жүзеге асыруға тең және қолайлы жағдай жасайды. Аталған қағидалар діни бірлестіктер санының айтарлықтай артуына және конфессиялар арасында достық байланыстың нығаюына себепші болды. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі өздерін мұсылман санауы өзге діни сенімдердің толыққанды қызмет етуіне кедергі жасамайды. Мұсылман емес діни бірлестіктер санының артуы осыған дәлел бола алады. Тәуелсіздік алған кезеңнен бері православиелік, католиктік, протестанттық қауым саны бірнеше есеге өсті. Азаматтық қоғам институттарының – үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына 10 белсенді қатысуы Қазақстандағы конфессиялық тұрақтылықтың нығаюында маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда халықтың түрлі деструктивтік, оның ішінде жалған діни идеяларды мойындамаудағы нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды саналады. Діндердің бейбіт қатар өмір сүруі, экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл, жалпы алғанда Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басым міндеттері болып табылады. Діни және этникалық негіздегі қақтығыстар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, этникалық немесе конфессионалдық белгілердің, діни экстремизм мен терроризмнің мемлекеттің саяси жүйесінің тұрақсыздығына, халықаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болуы мүмкін екендігін есте сақтау қажет. Қорыта келе, қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлі дін өкілдері тең дәрежеге ие болуына негізделген мемлекет пен діндер арасында бірегей үлгі орнағандығын айта кету керек. 2013 жылғы әлеуметтанулық сауалнаманың мәліметтері бойынша дін саласындағы мемлекет саясатын ел азаматтарының 89%-ы қолдайды. Осыған сәйкес, дін саласындағы мемлекет саясатын, осы саладағы мемлекеттік бастамалардың қоғамдық қолдауға ие болғандығын есепке ала отырып, толықтай жетістікке ие деп атауға болады. Біздің еліміздің түрлі конфессиялармен өзара әрекеттестік орнату тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестер, оның қатарында БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ зерттеп, зерделеуде.
Зайырлы ел және зайырлылық туралы
немесе жиі қойылатын 4 сұраққа 4 жауап
«»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАРҒА АРНАЛҒАН 20 СҰРАҚ ПЕН ЖАУАП» кітабы бойынша дайындалды