ЗАҢНАМАЛАРҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменттің  ұйымдастыруымен  мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, тәртіптік практика мәселелері, мемлекеттік органдардың қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің жұмысын жетілдіру, үстеме жұмыс істеу мен мемлекеттік қызмет өткеру бағытындағы өзгерістер туралы  түсіндірме жүргізілді.

Жиында мемлекеттік қызметшілерге  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабының 1-тармағы ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау жөніндегі 6) тармақшамен толықтырылғанын атап, құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу, бәс тігу қызметтен босатуға алып келетінін түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігі  баса айтылды.

Президент осыдан екі жыл бұрын «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы» жарлыққа қол қойған болатын.  Осыған байланысты Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осы өзгерістің нәтижесінде мемлекеттік аппаратта шешімдердің қабылдану жылдамдады. Мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестіі мен жеке жауапкершілігі артты. Ең бастысы, құжат айналымы мен есеп берушілік қысқарып отыр.

Бюрократиядан арылу ісінде мемлекеттік басқарудың барлық саласын цифрлық жүйеге көшіру маңызды жұмыстың бірі. Осыған орай Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» атты облыстық семинар өтті. Оған аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысып, мемлекеттік қызметтердің Түркістан облысында көрсетілу барысы талқыланды.