ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қабырғасында бизнес қауымдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосып, Көлік министрлігі «Автомобиль көлігі туралы» Заңға (38-2-бап) енгізген түзетулерді талқылады. Өйткені 2023 жылдың қаңтарынан бастап заңды күшіне енетін құқықтық құжатқа байланысты бизнес өкілдері тарапынан көптеген сауалдар туындауда.
Жаңа заңда самосвалдардың қозғалысына шектеу қою туралы айтылған. Бизнес өкілдері бұл талап елімізде қызмет түрлері мен тауар құнының өсуіне алып келетінін алға тартып отыр. Мамандардың айтуынша бүгінг ітаңда елімізде 60 мыңнан астам сауыр салмақты автокөліктер ресми тіркеуге алынған. Егер олардың жолдарға шығармайтын болсақ, инертті материалдарды тасымалдау, ең ақыры қыс маусымында күрелген қарды шығарудың өзі мүмкін болмай қалады. Сондай-ақ, бұл өнеркәсіп, құрылыс және коммуналдық секторларына да айтарлықтай әсер етеді.
Жиында сөз алған «СемАз» ЖШС бас директорының орынбасары Қыдыролла Жұмағұлов:
-«Біз экономика үшін өндірістің шектелуі, құрылыс құнының жоғарылауы, тұрғын үйге қолжетімділіктің төмендеуі және әлеуметтік шиеленістің артуы сынды тәуекелдерді көріп отырмыз», – деді
Көлік министрлігінің шектеулеріне Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков та өз ойын ашық жеткізді. жол құрылысына қатысты ескірген тәсілдерді баса айтты.
«Жыл өткен сайын жол құрылысы ісінде жұмыс сапасы төмендеп барады. Егер жолды бұзу мәселесі туындаса, мұндай жерлерде неге бетон төсеміне көшпеске», – деді ол.
«Атамекен» ҰКП бұл мәселеде тараптардың ортақ ымыраға келгенін жөн санайды. Сондықтан палата инфрақұрылымды сақтайтын және экономикаға келетін шығынды барынша азайтатын икемді шешімдерді әзірлеу қажеттігін айтты. Отырыстың қорытындысы бойынша Ұлттық палата Үкіметке тиісті хат жолдауға міндеттелді.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бастама осыдан екі жыл бұрын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен кейінге шегерілген болатын.