ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЛМЫСТАР САНЫНЫҢ 13%-ҒА ТӨМЕНДЕУІ ТІРКЕЛДІ
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны былтырғы жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 13%-ға немесе 9 мыңға төмендеуі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігінің ресми хабарламасында белгілі болып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі елімізде қауіпсіз қала және ауылдық ортаны құруға күш салып жатыр. Бұл тұрғыда күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге барынша қызмет етіп жатыр.
Бүгінде 15 мыңнан астам патрульдеу маршруттары әзірленген. Бұл барлық проблемалық аймақтарды қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, қайталануы мүмкін қылмыстардың кешенді алгоратимі жасалып, сол арқылы алдын алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жұмыла атқарылып жатқан шаруалардың жетістігі де жоқ емес, мұндай шаралар елеулі нәтижелер беріп жатыр. Осы жылдың басынан бастап қоғамдық орындарда және көшелерде, сондай-ақ бұрын сотталған адамдар арасында құқық бұзушылықтар санының азаюы тіркеліп отыр. Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында 10 мыңнан астам қылмыс ашылды, сондай-ақ 10 миллионға жуық әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттердің жолы кесілді.
«Біздің жұмыстың негізі – «Заң және тәртіп» қағидаты. Алдын алу шараларының арқасында қылмыстар саны 13%-ға төмендеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға аз. Кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Бұрын сотталғандар жасайтын, қоғамдық орындарда және қару-жарақпен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар саябырсыды. Бұл ретте олардың ашылуы жақсарды», – деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.