ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары түсіндірілді. Әділет департаментінің және Түркістан облысы нотариаттық палатасының ұйымдастыруымен өткен жиынға әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Әліпбек, құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлім басшысы Н.Ербекешов, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға офицері Г. Қарсыбай,  облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Қ.Қамбаров және заң консультанттар мен нотариустар қатысты.

Семинар барысында, адвокаттар, заң консультанттары және нотариустарға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын қолдану практикасы түсіндірілді. Сонымен қатар, нотариустардың іс-әрекетіне қатысты жеке және заңды тұлғалардан түсетін арыз-шағымдарды болдырмау жолы талқыланды.

2022 жылғы 6 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 3-тармағы және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мен ҚР Әділет Министрлігі арасындағы қаржылық мониторинг субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын сақтауы бойынша іс-қимыл Жоспарының 1-тармағына сәйкес, Ақшамен және (немесе) өзге мүлік пен нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын нотариустардың (бұдан әрі – нотариустар), клиенттің атынан немесе тапсырысы бойынша ақшамен және (өзге) мүлік пен операцияларға қатысатын адвокаттар мен заң консультанттарының (бұдан әрі – адвокаттар, заң консультанттары) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңнама талаптарын тиісінше орындау мәселелері бойынша бірлескен түсіндіру көрсетілген.