ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН БҰЗҒАНДАРДЫҢ ІСІ СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында зияткерлік меншікті қорғау бойынша Әділет департаментінее 2024 жылдың  9 айында азаматтардан 10 арыз келіп түскен. Соның негізінде жоспардан тыс 8 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 8 әкімшілік іс қозғалды. Құжаттар сотқа жолданды. Бүгінгі таңда сот қаулысымен бағасы 355 мың теңге болатын 279 дана контрафактілі өнім заңсыз айналымнан алынып отыр. Құқық бұзушыларға 355 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Зияткерлік меншік құқығын туралы әділет департаменті көпшілік жиі шоғырланатын сауда  орындары, қоғамдық көліктерде үнемі түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді. Мұндай шаралардан оқу орындары да тыс қалмайды. Жуырда Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімі қызметкерлері “Көпсалалы индустриалды -техникалық колледжі” МКҚК өкілдері мен студенттерінің қатысуымен кездесу өткізді.   Жиын барысында зияткерлік меншік саласына енгізілген өзгерістер, атап айтқанда географиялық нұсқама (ГН) және тауар белгілерін тіркеу тәртібі туралы түсіндірме берілді. ГН ауыл шаруашылығын дамытуда, ұлттық брендтерді ілгерілетуде, шетелде өнімді тануда маңызды рөл атқарады. Ол әдетте ауылшаруашылық өнімдеріне, азық-түлікке, шараптарға және спирттерге, қолөнер бұйымдарына және өнеркәсіптік өнімдерге қолданылады.                 🔹Сонымен қатар, ГН ұжымдық құқық болып табылады. Өндірушілер оларды ұсынатын кооператив немесе қауымдастық сияқты бірлестіктер ретінде ұйымдастырылуы мүмкіндігі түсіндірілді.

Зияткерлік меншік құқығы дегеніміз жекелеген адамдардың ақыл-ойымен, еңбегімен жасалған өнертабыстар, әдеби, музыкалық туындылар, коммерциялық мақсатта әзірленген дүниелер. Оны рұқсатсыз пайдалану бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Егер мұндай құқық бұзушылық анықталып жатса ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 158 бабымен  бойынша хаттама түзіліп, жеке тұлғаға 20 АЕК,  шағын кәсіпкерлік нысаны болса 30 АЭК,  орта және ірі кәсіпкерлік нысаны болса 80 АЭК дейін айыппұл төлейді. Мұнан бөлек қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.