ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫ –БАҚЫТ МЕКЕНІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысы Арыс қаласында полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Мырзахметова мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы А.Үсен студенттермен кездесу өткізді.
Басқсоуда тәртіп сақшылары студенттерге «Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» тақырыбында дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заң бұзуға итермелейті туралы айтылды.Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетініне тоқталды. Сондай-ақ, полицейлер студенттердің жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.
Айта кету керек, Арыс қаласында әр мектепке ювеналды полиция инспекторлары бекітілген, олар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оқушылар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оқу орындарында күн сайын кезекшілік етеді.
Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кез-келген азамат бұл туралы жасырып, үндемей қоймауы керек. Мұндай жағдайда оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар. Ол үшін республиканың барлық өңірлерінде ашылған дағдарыс орталықтарына болмаса ішкі істер органдарына немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен полицияның учаскелік инспекторына немесе сенім телефондарына хабарласу қажет.