«ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» ШАРАСЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ШАРАЛАР НАҚТЫЛАНДЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөлімі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айжан Манапованың қатысуымен әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаған жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов қатысты. Отырыс барысында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты шараны ұйымдастыру және жалғыз басты аналарға көрсетілетін көмек шаралары сөз болды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы өз сөзінде: «Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қоғамда түсінік қалыптастыру аса маңызды. Біз бүгін осы мақсаттарға жету үшін қажетті қадамдарды белгілеуіміз керек», — деп атап өтті.
Жиын барысында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасын өткізу жөнінде ұтымды ұсыныстар айтылып, оны іске асыру үшін аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып нақты шаралар қарастырылды.
Атап айтқанда, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында мектептер мен қоғамдық орындарда ақпараттық жұмыстарды күшейту, құқықтық кеңес беру және дағдарыс орталықтарының жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелері қозғалды. Шараның басты мақсаты
Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік беретін әйелдердің конституциялық құқытары және отбасында кездесіп тұратын әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу, қоғамдық өнегелігі мен тұрмыс қажеттілігіне байланысты құқықтық актілердің мөлшерінің талаптарын түсіндіру ақпараттық-насихаттау, Отбасы құндылықтарын дәріптеу және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, жастарға үлгі-өнеге көрсету, оларға дұрыс бағыт-бағдар, тәрбиелік мәні бар кеңестер беру болып табылады. Алдағы күндері жалғасын табатын бұл акцияда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсету, ауыл-аймақтардағы жастар мен әйелдерді цифрлық білім алу, гендерелік теңдік мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер өткізу жоспарланып отыр.