ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА БЕЙІМ АЗАМАТТАР ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша мәселелерді шешу агрессорды сөзсіз бас бостандығынан айыруға емес, оны қайта тәрбиелеуге және жәбірленушімен татуласуды және отбасының бұзылуына жол бермеуді қоса алғанда, толыққанды өмірге оралуға бағытталған. «ODARA» әдісімен (13 сұрақтан тұрады) қайталану мүмкіндігін бағалауға болады. Болжамның дұрыстығы, әзірлеушілердің ақпараты бойынша, 72%- ін құрайды және ғылыми дәлелденген құрал болып табылады. Кемінде 7 сұраққа оң жауап берген респонденттің зорлық-зомбылыққа бейімділігі бар. Бұл құрал, әзірлеушілердің пікірінше, агрессорларда қайталанатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің қаупін болжауға мүмкіндік береді. 2023 жылғы 1 наурыздан бастап осы құралды сынақтан өткізу үшін ҚР Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірлесіп Астана, Алматы және Павлодар қалаларында пилоттық жоба жүргізуде. Мәселен Германияда канадалық «ОДАРА» әдісі кеңінен қолданылды. Анықтама: «ODARA» – Канадада, Онтарио қаласында әзірленген тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелін бағалаудың халықаралық құралы.

1940 сауалнама жүргізілді, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім 58 адам анықталды, олардың тек 35-і өз еркімен психокоррекциялық жұмыстан өтуге келісті. Ерікті негізде оларға агрессияны тежеу бойынша тренингтерден өту ұсынылады. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі отбасы-тұрмыстық саладағы проблемаларды кешенді шешу құралдарының бірі ретінде қызығушылық тудыратын тәуекелді бағалаудың осы жүйесінің мониторингін жалғастырады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларын белсенді тағайындау үшін отбасының цифрлық картасы іске қосылды.

Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтайтын ақпараттық жүйе. Қазір мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 миллион азаматы немесе 6,3 миллион отбасы туралы ақпарат жинақталған.