ЗОРЛЫҚ КӨРГЕН БАЛАЛАР БОЙЫНША ЗАҢДЫ ПРОЦЕСТІК ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау мәселесін жіті назарда ұстап, заңға сай шаралар атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Болатқызы Закиеваның «Балалардың құқықтарын қорғау және Түркістан өңіріндегі балалар мекемелерінің жай-күйі туралы» бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымды облыс прокуратурасымен зерделенді.
Бас Прокурордың бұйрығына сәйкес балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар тіркелген сәтінен бастап ерекше қадағалау жүргізіледі. Зерделеу барысында жарияланымда көрсетілген, яғни ағымдағы жылдың қаңтар, наурыз және маусым айларында орын алған балаларға қатысты зорлық-зомбылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері уақтылы жүргізіліп, тергеудің барлық кезеңінде прокуратураның ерекше қадағалауында болған. Соның нәтижесінде аталған істер бойынша заңды процестік шешімдер қабылданып отыр. Ал, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын дер кезінде қабылдамаған тұлғаларға шара көріліп, тиісті жауаптылыққа тартылған.
Ағымдағы жылдың басында прокуратураның үйлестіруімен кәмелетке толмағандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының мәселелері комиссияда қаралып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді. Мәселен, Төле би ауданы Ленгер қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен бір отбасыға 2019 жылы тұрғын үй берілді. Мұнан бөлек бұл отбасы мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде. Жанұя ай сайын 345 мың 551 теңге беріліп келеді. Балалардың жағдайын құзырлы орындар бақылауға алған.
Бүгінгі таңда өңірдегі отбасын қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру бойынша үйлестіру шаралары қабылдануда.
Жалпы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесін облыс прокуратурасы ұдайы назарда ұастап келеді.