ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛҒАН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
- Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
Шымкент қалалық полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызмет басқармасының 34-ші участкелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қала тұрғындарына интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жадынамалар таратып, профилактикалық әңгімелер жүргізіп келеді. Соның бірі, аталған учаскенің полиция капитаны Мадияр Сарыбай учаскелік аумақтағы тұрғындармен етене араласып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.
Алдын-ала дайындалған түсіндірме парақшалары дайындап алып, көше бойында кезіккен тұрғындарға жекелей түсіндіріп шыққан полиция қызметкерлері халық тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.
– OLX, Kaspi bank, «Халық банк» мобильді қосымшалары арқылы келетін алаяқтардың хабарламаларына қалай алданып қалмаeдың жолын көрсетіп, қысқа-нұсқа көрсетілген ақпараттық парақшаларды таратып шықтым. Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың интернет алаяқтардың торына түсіп қалмаудың алдын алады. Ұялы телефонға келетін кодтарды кез-келген бөгде азаматтарға айта бермей керектігін, сол арқылы азаматтар жеке ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін, жеке бас деректерін кез-келген өзге азаматтарға бере бермеу керектігін, жалпы, қала тұрғындары өзі және туыстарының контактілеріне сақ болуы қажеттілігін түсіндірдім. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізе жүріп, басқа да таныстарына өзі білген және түйген интернет-алаяқтарға қарсы сақтық шаралары мен ақпараттарын жеткізуін өтіндім, – дейді полиция капитаны, учаскелік инспектор Мадияр Сарыбай.
Расында, мұндай алдын алу шаралары арқылы, тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру арқылы көптеген интернет-алаяқтықтың бетін қайтаруға болатыны сөзсіз. Алдын алу жұмыстары – көп істің бітуіне сеп. Полиция саласының мамандарына сәттілік тіледік.