КЕН ӨНДІРУ АЙМАҒЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысында былтыр маркшейдер маманымен жер қойнауын пайдаланушы 100 кәсіпорынның қазба өндіру аумақтарына зерделеу жұмыстары жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде 63 аймақтан кемшіліктер анықталды. Зерделеу жұмыстары кезінде 5 миллион текше метр өнім белшіленген аумақтан тыс жерлерден қазып алынғаны белгілі болды.
– Мәселен, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісай ауданындағы жер учаскесінде «Жұмағұл» шаруа қожалығы өзімбілермендікке салынып, 2 жерден заңсыз құм қазып алған. Бұл жәйт, маркшейдер маманымен топотүсірілімдік жұмыстар жүргізу барысында анықталған. Қазып алынған құмның мөлшері 7 мың 500 текше метр. Мамандардың есептеуінше табиғатқа 31 миллион теңге зиян келтірілген. Маркшейдер маманның қатысуымен түзілген қорытынды актілер облыстық полиция департаментіне жолданды. Ол бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 334 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов.
Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу үшін табиғат байлағын пайдалану, оны қорғау және құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыстар атқару туралы ұсыныс айтылды. Осыған сәйкес, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына өз тарапынан берілген келісімшарттардың заңды орындалуын және теңгеріміндегі су айдындары мен каналдары аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу жұмыстарын қадағалау жүктелді. Ал экология департаментіне халық арасында үлкен сұранысқа ие пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру кезінде, бұл туралы жергілікті атқарушы органды хабарландар ету міндеті қойылды. Сонымен қатар жер инспекциясы және жер қатынастар басқармасы, аудан, қала әкімдіктеріне өз құзіреті шегінде қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбаларды қазу жұмысын жүргізіп жатқан кен орындарының жер телімдерінің рәсімделгені немесе рәсімделмегені туралы талдау жүргізіп, заң аясында шаралар қолдану ұсынылды.