Қазақстанның (оның ішінде Шымкент қаласының да) археология ғылымы тарихында Кеңестік кезең (1917-1991 жылдар) маңызды орын алады. Ол 4 сатыға бөлінеді: 1917-1935 жылдар; 1936-1945 жылдар; 1946-1959 жылдар; 1960-1991 жылдар(1). Кеңестік кезең кезінде, әсіресе оның бастапқы сатыларын сипаттағанда, Б.В. Луниннің 1920-1930 жылдардағы түсінік пен қазіргі біздің елдегі өлкетану мен музейтану белсенді өскені байқалатын сәттегі тарихи өлкетану туралы түсінігіміз сәйкес келмейді дейтін пікірін ұстануға бейілміз. Ол «Еліміздің шеткі аймақтарында, атап айтқанда, Орта Азия мен Қазақстандағы гуманитарлық бейіндегі мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерінің желісінің болмады, немесе әлі де (әсіресе 20-жылдары) жеткіліксіз дамыды, ғалым-мамандарға да, әуесқой өлкетанушыларға да салмақ түсіріп, тарихи-өлкетану ұйымдарының қоғамдық негізде жұмыс істеген қызметінің мәселесі көбіне алдыңғы қатарға шығып отырды» дейді (2).
1920 жылы 27 қарашада Ташкентте Түркістанның музей ісі және көне ескерткіштерді, өнер және табиғатты қорғау жөніндегі комитеті (Түркомстарис) құрылды. Түрккомстарис 1921 жылғы 22 мамырдағы Түркістан республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің бекіткен ережесіне (3) сәйкес әрекет етті, онда ескерткіштерді зерттеу мен қорғауға мемлекеттік маңыз беріледі делінген.
Түркомстаристің басшылығында төраға Д.И. Нечкин тұрды. Түрккомстарис кеңесінің құрамына А.А. Семенов, А.Э. Шмидт, Н.Е. Вундцетель кірді, Ә.А. Диваев, Н.Н.Иомудский, В.Н. Кун және т. б. Енді (4).
М.Е. Массонның анықтауына қарағанда, Түрккомстаристің қызметі революцияға дейінгі кезеңде шартты түрде басталған Орта Азияны археологиялық зерттеудің екінші кезеңімен сәйкес келеді. Ташкенттегі археология іс-шаралары басшылықтарының бір орган аясына бірігуі маңызды құбылыс болды. Түркомстаристің жұмысы екі кезеңнен тұрды: біріншісі – 1920 жылдан 1924 жылға дейін, екіншісі – Түркомстаристі Ортазкомстарис етіп қайта құрғаннан кейін, 1925 жылдан 1928 жылға дейінгі аралық (5).
Біз оның қызметінің бастапқы кезеңінде Сайрам қалашығын алдымен П.П. Иванов, содан кейін М.Е. Массон тексеріп, зерттеп, сипаттағаны үшін Түріккомстаристі атап өтуіміз керек. Олардың зерттеулері негізгі сүйенетін тірек болып, бүгінгі күнге дейін көптеген көрсеткіштер бойынша сілтеме жасайтын жалғыз дереккөз ретінде күшін жоғалтпады.
1920 жылдың жазында Түркістан Шығыс институты П.П. Ивановты жергілікті тілдердің ерекшеліктерін зерттеу үшін Шымкент уезіне тәжірибеге жіберді. Сол жылдары ол студент болды. Сайрам мен оның көрікті жерлерімен алғаш танысқан бұл сапары болашақ ғалымның шығармашылық өмірбаянындағы ғылыми ізденісінің бастамасы болды. Ташкентке оралып, 1921 жылы ақпанда студенттік ғылыми үйірменің отырысында Сайрам туралы баяндама жасайды. Екі жылдан кейін бұл баяндама Түркістан Шығыс институтының жинағында екі мақала түрінде толықтырылып жарияланады (6).
«Сайрам. – Тарихи-археологиялық очерк» мақаласы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде автор Ташкентте танысқан ортағасырлық жазба дереккөздердегі мәліметтерді сараптау негізінде жазылған. Сайрамның өткеніне тарихи экскурсия Қытай дереккөздеріндегі осы аймақ туралы ескертпелерге сілтеме беруден басталады. Ғылыми еңбекте назар аударылған басты дереккөз В.В. Бартольдтың Испиджаб туралы мәліметтерді қамтитын жұмысы болған. Бөлімде қала өмірінің барлық тарихи кезеңдері қамтылған. Сайрамның Саманидтер, Мұхаммед Хорезмшах, моңғол билігі және қазақ хандары, Ресей империясының құрамына енген кезеңдерін қоса алғандағы уақыт аралығы айқын сипатталған.
Екінші бөлімде автор негізінен өзінің далалық материалдарын пайдаланды. Ол Сайрам қалашығының шахристанына сипаттама беріп, оны Цитадель (қала) немесе «Ескі Сайрам» деп атады. П.П. Иванов культтік мәні бар бірде-бір азды-көпті көрнекті сәулет құрылысын жібермей жинақтады. Ол елді мекен аумағындағы табылған кез-келген көне жәдігер туралы барлық мәліметті жинақтады. Сонымен қатар, П.П. Иванов бұрын В.В. Бартольд сипаттаған Шарбақтөбені зерттеді.
Зерттеуші ауылдың барлық сақталған культтік сәулет ескерткіштерін аралап, оларға сипаттама берді. Ол осы мақсатта алғашқылардың бірі болып Сайрамның кейінгі ортағасырлық «Рисоля» деп аталатын жазбаша дереккөзді пайдаланып, шығарманың мағынасындағы аңыздық сипаты бар ақпараттарға тоқталды. Оның жұмысының құндылығы сол, негізінен Сайрамда өмір сүрген және сонда жерленген, сол маңайға танымал адамдарға арналған, «Рисоляның» бұрын жарияланбаған, парсы тілінде жазылған бөлігін сараптады. Ол қолжазбалардың бірін сатып алса, ал екіншісін жергілікті тұрғындар сақтап қалған екен.
Сол кездегі жас зерттеуші ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында: «қазіргі Сайрамға тарихи-археологиялық тұрғыдан қарағанда, бұл маңнан табылған өткен замандардың әртүрлі жәдігерлерін әлі ешкім жеткілікті түрде зерттемегенін атап өткен жөн, сондықтан олардың жасалған орнын анықтау, оны қаланың сол сәттегі немесе басқа тарихи кезеңімен байланыстыру мен үшін өте қиын болды» (7) деп өзінің жасаған шынайы мойындауымен құрметке лайық. Бұл мақала автордың өзі жасаған екі суретпен (тас баған және ыдыс) көрнекіленген.
«Қалмақтардың Сайрамды шабуы туралы аңыздар» деп аталған екінші жұмыс та автор 1920 жылы жинаған материалдардан жазылған. Онда Сайрам тұрғыны молда Тұрдымедтің айтқан сөзі негізінде құрастырылып, қаланың қалмақтардың қол астында болған кезеңі туралы мәліметтер қамтылады. Бұл материалдар негізінен фольклорлық мәнге ие болғанмен, Сайрам өмірінің танымалдығы аз сол кезеңіндегі тарихы мен мәдениетіне қатысты ақпараттардың құндылығын жоғалтпайды.
1924-1926 жылдар аралығында П.П. Иванов Сайрамға үш рет барып, жалпы алғанда 10 күнін сонда өткізеді. Ғалым Сайрам қалашығының өзімен қоса, ескерткішке іргелес жатқан бүкіл аумақтың топографиясын зерттейді. Ол алғашқылардың бірі болып Сайрам қалашығының тарихи топографиясында сыртқы қабырғалардың бар екенін анықтайды. Оған қоса П.П. Иванов ежелгі уақытта Сайрамның ішкі қорғаныс қабаты болғандай, сыртқы қабаты да болғанын анықтады. Ол шахристанды зерттеп, оның бекінісінің ерекшеліктерін сипаттайды, шахристанның Белқақпа, Базарқақпа, Шымкентқақпа, Қарамұртқақпа дейтін қақпаларына сипаттама береді. Зерттеуші Сайрамнан шығатын және Сайрамнан өтетін керуен жолдары мен бағыттары туралы жазады. Оның жұмысының құндылығы сол, елді мекендегі археологиялық нысандарды Сайрам ауданының картасына түсіруі және Сайрам қалашығының топографиялық жоспарын жасауы болды.
Сайрамды зерттеуді қорытындылай келе, П.П. Иванов Испиджабты локолизациялау мәселесі бойынша қорытындыға келді. Бұл тұрғыда ол былай деп жазды: «Жоғарыда келтірілген ескі Сайрамның сыртқы бекіністерінің қалдықтары едәуір қысқарғаны мен толық сақталмағанына қарамастан, оның сипаты және тіпті ондағы өмір сүру фактісі бізге бір практикалық қорытынды жасауға мүмкіндік береді., атап айтар болсақ, ортағасырлық Сайрам (араб географтарындағы Исфиджаб) орналасқан жер – қазіргі Сайрам ауылы тұрған жерде болған (8).
Сайрам туралы келесі маңызды жұмыс М.Е. Массонға тиесілі, ол мұнда 1925 жылдың жазында Шымкент губерниялық музейін ұйымдастыру үшін Ортазкомстаристің тапсырмасы бойынша іссапар кезінде келді. Оның Сайрамға сапары кезінде серігі кейіннен аталған музейдің директоры болған И.К. Шпота болды. Ескеретін нәрсе, М.Е. Массон артық қайталауды болдырмау үшін оған дейін П.П. Иванов келтірген фактілерді жіберіп отырды. Алайда, М.Е. Массон Сайрамның тарихи топографиясына қатысты П.П. Иванов тағы бір жұмыс дайындағанын білмеді, сондықтан оның қалашық туралы тарихи-топографиялық сипаттамасы тек жалпы мәселелерді ғана қозғады. Жарық көрген бұл екі мақала да бір-бірін толықтырады және Сайрам тақырыбы бойынша құнды дереккөз болып саналатыны анық.
Ғалымның жұмысында археология және сәулет ескерткіштері өзіне тән ұқыптылықпен және толыққанды ақпараттық қатылумен айқын түсіндіріледі. М.Е. Массон культтік сәулет ескерткіштеріне егжей-тегжейлі тоқталады. Оның мақаласында Әбдел Әзіз баб кесенесінде кездескен құлпытастар алғаш рет толық айқындала түсіндіріліп, олардың эпиграфиялық сипаттамасы берілді және қандай кісілерге арналғаны нақтыланды.
Ғалым інжілдік кейіпкерлердің есімдері жазылған ескерткіштерді (Йоша, Бибі Мәриям және т. б.) арнайы топқа жатқызды. Ол сол кезде тек шілдеханасы мен мұнарасы ғана қалған Қызыр пайғамбардың мешітіне жан-жақты тоқталды. Ол Ыдырыс пайғамбар мешітіне және оның басты көрікті жері – тас бағанаға егжей-тегжейлі айқындап түсініктеме берді. Бұл бағананың X-XI ғасырларда жасалған деп ғалым қойған датировкасы бүгінгі күнге дейін негізгі әрі нақтыланған дерек саналады.
М. Е. Массонның бағандағы жазу мен оның датировкасы туралы тұжырымдарын кейінірек В. А. Крачковская растады. В. А. Крачковская Жұма мешіт бағанасынан 1014 жыл деген мерзімді оқи алды (9). Сонымен қатар, М. Е. Массон Сайрам ауылының аумағында кездейсоқ табылған заттарға қызығушылық танытты. Ол заттар автордың жұмыстарында айқын түсініктеме беріліп, Түркістан (сол кездегі Оңтүстік Қазақстан) облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына тапсырылған, бүгінгі күнге дейін сонда сақталып келеді.
Сайрамның тарихи топографиясы М.Е. Массонның сол еңбегінде жан-жақты қамтылды. Қалашыққа барған кезінде ғалым сауалнама мәліметтерін жинап, ескерткіштің бүкіл аумағын зерттейді, ауылға іргелес аумақпен қоса оның топографиялық жоспарын жасайды, тарихи-мәдени нысандарды көрсете отырып, сыртқы қабырғалардың орналасуын мұқият белгілейді. М.Е.Массонның сызбалары П.П. Ивановтың сызбаларынан топографияның неғұрлым егжей-тегжейлі толыққанды ашылуымен, орындалуының айқындылығымен, ақпараттардың молдығымен ерекшеленеді. М.Е. Массон жасаған Сайрам өңірінің жоспары мен картасы бүгінгі күнге дейін Сайрам қалашығының тарихи топографиясы бойынша жалғыз, әрі егжей-тегжейлі құжат болып табылады.
Жазбаша дереккөздерді, табылған археологиялық материалдарды, ескерткіштің топографиясын талдай отырып, ғалым П.П. Ивановтың тұжырымдарынан өзгеше, «Испиджабты басқа жерден іздеу керек» деген қорытындыға келеді. Бұл тұрғыда оның еңбегінен: «Жазбаша дереккөздердің барлық осы салыстырулары мен қарама-қайшы мәліметтері қазіргі Сайрамның ежелгі Испиджабқа сәйкес келетіні туралы түпкілікті шешім шығаруға абайлап қарауға мәжбүр етеді. Ескі Сайрамның қалдықтары «Испиджабтың Сайрамның батысында, Бадам алқабындағы жазықта жатыр» деген болжамды жоққа шығаруға өздігінен құқық бермейді» (10) деген жолдарды оқимыз.
Соғысқа дейінгі жылдары бұл ауданды зерттеу А. Н. Бернштам басқарған Жетісу археологиялық экспедициясының жұмысына байланысты ұйымдастырылған Жамбыл археологиялық пунктінің қызметімен байланысты болды. Сонымен, 1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті Тараздан Испиджабқа дейінгі ежелгі керуен жолын зерттеу үшін экспедиция жасайды. Экспедицияның негізгі мақсаты материалды мәдениет ескерткіштерін: қалашықтар, бекіністер, елді мекендер, обалар шоғыры, олардың схемалық жоспарларын құру, картаға ендіру және суретке түсіру, егжей-тегжейлі зерттеу болды. Экспедиция құрамына археологиялық пункттің ғылыми қызметкері Г.И. Пацевич, ол әрі экспедиция жетекшісі болды, Абай атын. Қазақ педагогикалық институтының студенттері Г.Ф.Коршинко және В.А. Дрейман кірді. Археологиялық экспедиция «Жамбыл – Головачевка – Грозное – Бурное – Кременевка – Галкин – Құлан асуы – Ванновка – Түлкібас теміржол станциясы – Антоновка – Манкент – Сайрам – Шымкент және кері қарай: Шымкент – Манкент – Антоновка – Балықшы – Қайыршақты – Корниловка – Ванновка – Высокое – Грозное – Маймақ және Жамбыл (11) бағытымен жүрді.
Маршрут жаяу жүрді, тек жүкке арбакеш ат пайдаланылды, сондықтан экспедицияға қатысушылар әр нысанды жан-жақты зерттеді. Г. И. Пацевич ауданды зерттей отырып, В.В. Бартольд пен В. А. Каллаурдың сол бағытпен осы тақырып бойынша бұрын жүргізген жұмыстарының нәтижелерін талдау және салыстыру міндетін қойды. Ғалым көрсетілген маршрутпен жүре отырып, экспедиция жолында кездескен барлық ежелгі заттарды кеңінен сипаттайды, оның сипаттамаларында объектілерге, олардың орналасуына, топографияның ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі сипаттама беріледі.
Жамбылдан Шымкентке сапарлаған кезінде Г.И. Пацевич Булаккавал қалашығын сипаттай отырып, Ақсу өзенінен бастап Сайрам қалашығы өңірінің ескерткіштерін де айқындап түсіндіреді. Қалашықты ол ортағасырлық жазба дереккөздердегі Манкет қаласымен сәйкестендірді.
Әрі қарай ол Сайрам қалашығының топографиясына және оның аумағында салынған культтік сәулет ескерткіштеріне жан-жақты тоқталады. Сондай-ақ, Г. И. Пацевич өз жұмысында өзеннен ауылға қарай жол салу кезінде кездейсоқ табылған олжалар туралы да келтіреді. Атап айтқанда, оған құрылыс кезінде шахристанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан үйінді төбенің сүріліп тегістелгені туралы хабар жетеді. Сүрілген топырақ кесіндісінде көптеген қаңқалар табылды. Күл мен адам сүйектерінің қалдықтары бар ыдыстар табылды. Осыған сүйене отырып, Г.И. Пацевич мұнда зороастрлық рәсім бойынша төбеде жерлеу рәсімдері болған болуы мүмкін деген қорытындыға келеді (12).
Сол кездегі сәулет ескерткіштерін тізімдей отырып, олардың көпшілігі сақталмағанын айтып, ғалым Ибрагим ата ескерткішінің атауы туралы құнды ақпарат береді. Жергілікті аңыздарға сәйкес, Ибрагим ата Қожа Ахмет Ясауидің әкесі екені белгілі. Алайда, Г.И. Пацевич бұл ескерткіштің тағы бір Ұра ата деген атауы бар екенін атап өтті. Сайрам қалашығының топографиясын сипаттай отырып, оның ерекшеліктерін көрсете отырып, араб авторларының ортағасырлық жазбаларын талдауға жүгіне отырып, ғалым Испиджаб сөзсіз Сайрам қалашығының орнында болған деген қорытындыға келеді (13).
Экспедиция одан әрі Шымкентке барып, жол бойында бірнеше археологиялық ескерткіштерді тіркейді. Экспедиция Шымкент қ. облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыс тұрғындарынан көптеген жылдар бойы жиналған материалдық мәдениет заттарымен танысады. Жекелей алғанда, экспедиция қатысушыларын Сайрам кентінен табылған заттар қызықтырды.
Экспедиция Жамбылға қайтар жолда екі қалашықты зерттейді. Оның бірі – Балықшы ауылының жанындағы Төрткүлтөбе қалашығы, екіншісі – Азатлық ауылындағы (ескі Түлкібас кенті), жолдан солтүстікке қарай үш жүз метр жердегі бұлақтардың ортасында орналасқан қалашық. Сонымен қатар, экспедиция бұдан бұрын материалдық мәдениет заттары табылған Қайыршақты деген жердің археология ескерткіштерін зерттейді.
Г.И. Пацевич ортағасырлық жазбаша дереккөздердің деректеріндегі араб жазбаларын сараптай және олардың мәліметтерін зерттелген археологиялық нысандармен салыстыра отырып, Төрткүлтөбе қалашығы Испиджабтан Таразға баратын керуен жол бойындағы Шарабқа, ал Азатлық ауылы жанындағы қалашық – Будухкетке сәйкес келеді деген қорытындыға келеді (14). Г.И. Пацевич бастаған экспедиция жұмысының нәтижелерін соғыстан кейінгі жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының мүшелері пайдаланды.
Кеңес заманында Шымкент қаласының аумағын игеру кезеңінде бірқатар олжалар кездейсоқ табылды. 1940 жылы «Правда Южного Казахстана» газеті Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс шетінде 10-ға жуық оба болғанын, оның 8-і қазылғанын жазды. Ол жерде тіпті обалар мен егістік жердің бетінде материалдық мәдениеттің сынықтары жатыпты (15). Теміржол вокзалына жол салу кезінде құрылысшылар VI-VIII ғасырларға жататын керамикалық заттарды тапты. Қола құйылған ерітінді де табылды. Теміржол вокзалына жақын Бадам өзенінің арнасынан біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырлар сақ қола қанжары-ақинақ және үш қоладан жасалған жебе ұшы табылды. 1989 жылы Химфармзауыт ауданында орналасқан жеке үйдің аумағынан қала тұрғындары қола дәуіріне жататын екі ыдысты тапты (16).
Сілтемелер:
(1) Байпақов К.М. Оңтүстік Қазақстан және Жетісудың ортағасырлық қала мәдениеті (VI –XIII басы). – Алматы: Ғылым, 1986. – 12 б.
(2) Лунин Б.В. Орта Азия және Қазақстандағы тарихи-өлкетану жұмыстары тәжірибесінен (20-30-шы жылдар) // КСРО тарихы. – 1968. – № 5. – 190-191 б.
(3) Ғылым және ағарту. – Ташкент, 1922. – № 2. – 222 б.
(4) Сонда 222 б.
(5) Массон М.Е. Археологиялық қатынастармен Орта Азия тарихын зерттеудің қысқаша очеркі. // Еңбектер / ОАМУ: Жаңа серия. – Ташкент, 1956. – I Б. – Шығасыр 81: Тарихи ғылымдар: 12 Кіт. – Орта Азия археологиясы. – 17 б.
(6) Иванов П.П. Сайрам. Тарихи-археологиялық очерк // Түркістан Шығыс институтының А.Э. Шмидт құрметіне арналған Жинағы. – Ташкент, 1923. –46-56 б.; Иванов П.П. Қалмақтардың Сайрамды шабуы туралы аңыздар // Түркістан Шығыс институтының А.Э. Шмидт құрметіне арналған Жинағы. – Ташкент, 1923. – 57-58 б.
(7) Иванов П.П. Сайрам. Тарихи-археологиялық очерк Көрс. Шығасыр, 49 б.
(8) Иванов П.П. Ескі Сайрамның тарихи топографиясы мәселесіне // В.В. Бартольду: Түркістандық достар, шәкірттер және жанашырлар. – Ташкент, 1927. – 151-164 б.
(9) Қазақстанның археологиялық картасы. Көрс. Шығасыр, 257-258 б.
(10) Массон М.Е. Көне Сайрам.. Көрс. Шығасыр,41,42
(11) Пацевич Г.И. Талас-Арыс өзендері арасындағы ескерткіштер // Қазақ КСР археологиясы бойынша материалдар және зерттеулер: Жетісу археологиялық экспедициясының Еңбектері: Талас аңғары. – Алматы, 1949. – Т.I. – 147 б.
(12) Сонда, 165 б.
(13) Сонда, 165 б.
(14) Сонда, 167-171 б.
(15) «Правда Южного Казахстана». – 1940. – 18 наурыз.
(16) Рүстемов А.А. Оңтүстік Қазақстанның қола дәуірін зерттеу мәселесіне орай // Ата-Мұра: Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 75 жылдығына арналған мақалалар жинағы. – Шымкент, 1995. – 89 б.