КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ТӨГІЛГЕН АУМАҚ ТОЛЫҚ ТАЗАРТЫЛДЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысында уран өндірілетін кен орындарында күкірт қышқылдарының қоршаған ортаға заңсыз төгілуі дерегі анықталды. Бұл туралы экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұржас Нұрболат облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен жиында мәлімдеді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-Департамент тарапынан жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде, уран өндірушілердің кен орындарында күкірт қышқылдарының заңсыз төгілу деректері орын алған. Ол бойынша айыппұл салынып, бүлінген жерлерге тазалау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы ұйғарымы берілген. Қазіргі таңда, ластанған жердің аумағы толықтай тазаланды. Сынақ зертханасы аккредиттеу аттестаты және прекурсорлар мен улы химикаттардың айналымына байланысты қызметті, лицензия негізінде жүзеге асырады. Департаментпен ауадан, судан және топырақтан 223 сынама алынып, 13 жоспарлы және 61 жоспардан тыс мониторинг, 1479 анықтау жүргізіліп, 325 шекті нормативтерден асу фактісі анықталды,-деді басқарма басшысы.
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ы Түркістан облысының әкімдігі және полиция департаментімен бірлесіп, облыс аумағында қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың алдын алу бойынша жол картасын және оны іске асыру алгоритмін әзірледі. Өткен жылы облыс аумағында 414 бейберекет қоқыс орындары анықталып, толықтай тазалау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ
өңірдегі экобелсенділермен қатысуымен қазір экологиялық мәселелерді кешенді шешудің жол картасы қайта жандандырылуда. Оған Арыс қаласы, Бәйдібек, Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы аудандарындағы елді мекендерді газға қосу, мемлекеттік орман қоры аумағына 2 миллиард ағаш егу, Кентау мен Сарыағаш қалаларындағы КТИ (КОС) құрылысын жүргізу сияқты жоспарлар енгізлген.