ЛУДОМАНИЯДАН ЕМДЕЙТІН ШЫМКЕНТТІК ЕМХАНАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Лудомания деп айдарланған ойынқұмарлыққа тәуелділік дерті қазіргі қоғамның үлкен бас ауруына айналып отырғаны шындық. Бұл кеселді емдеумен айналасатын Шымкент қаласында орналасқан емханалардың әдіс-тәсілдері, мекен-жайы туралы таныстыру дәстүрімізді осы жолы да жалғасақ деп отырмыз.

Арнайылап осы таұырыпты жазыңдар дегесін, Шымкент көшелерін кезіп, тақырыпқа арқау болардық нысан іздей шарладық. Назарымызға түскен бір нысан «MedBrat» деп аталатын наркологиялық орталық (наркодиспансер) болды. Бұл орталықтың интернет ресурстарындағы деректер мен пікірлер біршама жайттан хабар береді.

«MedBrat» наркологиялық орталығы Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Майлықожа көшесі, 46 үй мекен-жайында орын тепкен. Десе де, бұл мекен-жайды 2GIS қосымшасынан іздеп тере қалсаңыз, тауып бере қоюы екіталай, ал Яндекс-карта болса біршама дұрыс жөн сілтейді. «Жеңіс» саябағына жақын, Майлықожа-Сматлаев көшелерінің қиылысынан табасыз. Ал, ресми сайты https://medbrat.kz/ .

Бұл наркоорталық ойынқұмарлықтың ішіндегі бәс тігу дейтін құмарлықты басты нысаны етіп таңдапты.

«Құмар ойындарға тәуелділік – құмар ойындарға, оның ішінде спорттық ставкаларға, казино ойындарына және құмар ойындардың басқа да түрлеріне бақылаусыз құмарлықпен сипатталатын патологиялық жағдай. Бұл тәуелділіктен зардап шегетін адамдар көбінесе ставкаларын бақылауды жоғалтады, үлкен ақша жұмсайды, әлеуметтік міндеттемелерді елемейді және қаржылық әл-ауқатына қауіп төндіреді. Егер сізде немесе жақын адамыңызда осы мәселе туындаса, білікті көмек пен ем алу үшін medbrat.kz сайтына хабарласыңыз» дейді наркоорталық мамандары.

Психологияда құмар ойындарға тәуелділік адам өмірінің басқа аспектілерін басып тастайтын және қоғамнан оқшаулануға, ұйқының бұзылуына, өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне және тіпті психикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін басқарылмайтын құмарлық ретінде қарастырылады. Сондықтан, құмар ойындарға тәуелділікті кідіріссіз дер кезінде анықтап, емдеу өте маңызды.

Бұл құмар ойындарға тәуелділікті емдеуге арналған оңалту орталығы патологиялық құмар ойындардан, компьютерлік тәуелділіктен және спорттық ставкаларға тәуелділіктен зардап шегетін адамдарға бұл мәселені жеңуге көмектеседі екен. Оңалту психотерапия, топтық және жеке терапия сеанстары, спорт, релаксация және т.б. сияқты әртүрлі әдістердің комбинациясын қолдану арқылы жүргізіледі.

Мұндағы емдеу бағдарламасы тәуелділіктің себептерін түсінуге, зиянды мінез-құлық үлгілерін өзгертуге және жаңа әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл терапия адамның толық өзгеруіне, оның тәуелділікпен қарым-қатынасына және өмірдегі жаңа жолдың ашылуына әкелуі мүмкін дейді мамандар.