МЕЙІРІМДІЛІК, ТҮСІНІСТІК ПЕН БАУЫРМАШЫЛДЫҚ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Толеранттылық – көп конфессиялы және көп ұлтты мемлекеттің үйлесімі дамуының маңызды шарттарының бірі. Барлық мекен етуші этностардың этникалық және мәдени теңдігін сақтау стратегиясы көпұлтты қоғамдағы неғұрлым табысты стратегия болып табылады. Бүгінгі таңда өркениеттің дамуына мәдениеттер мен діндердің диалогы ғана жағдай туғызатынын уақыт дәлелдеп отыр. Ал ұлтаралық қатынастар тұрғысынан алғанда мемлекеттің саяси тұрақтылығы ұлттаралық қатынастардың басты принципіне айналуға тиіс этникалық толеранттылыққа негізделеді. XVII ғасырдағы француз жазушысы Вольтер: «сіздің пікіріңіз маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын»,- деген. Ол – толеранттылықтың басты қағидасы. Бұл адамдар арасында өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.

Елімізде өмір сүретін ұлт пен ұлыстардың өз тілдерін үйренуге, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға, олардың өз діндерін ұстануларына жағдай жасалынып, толеранттылық сақталып келеді.  Ислам дінінде де «…Біріңе-бірің бауыр болыңдар…» – деп бөлінудің дұрыс еместігін, адамзат баласының ауызбіршілікте өмір сүруін бұйырып тұр[2]. Дәл солай «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» – деп Абай атамыздың татулықты, бірлікті насихаттағаны өлең жолдарыннан байқасақ болады.

Мейірімділік, түсіністік пен бауырмашылдықтың арқасында көптеген мақсаттарға бірге жетіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еліміздің дамуына үлкен үлес қосудамыз. Бұл деген «Біз біртұтас елміз!» деген қағидаға сүйене отырып, бүкіл әлемге көпэтникалық елде өмір сүруіміз, бірлігіміз үлгі болып табылады. Бұл бойымыздағы ерекше қасиетті сақтай біліп, жас ұрпаққа насихаттап, болашақта бауырмашылықты ту ете отырып, бейбіт, тыныш әлемде өмір сүруіміз  қажет.

 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру»

бөлімінің маманы  Ж.Абдирасулова

Дереккөз: Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ММ-нің ресми сайты