МЕЙІРІМ МЕН ІЗГІЛІКТІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Өзбек мәдени орталығының негізі 1989 жылы қаланды. Қарашада арнайы құрылтай шақырылды. Осы беделді жиында облыс пен қала атқару комитеттерінің төрағалары, өзбек халқының беткетұтар азаматтары, көрші Өзбек елінен келген қонақтар қатысты. Құрылтайда қоғамдық ұйымды құру мәселесі талқыланып, бір дауыстан мақұлданды әрі өзбек мәдени орталығының басқару органы мен тексеру комиссиясы мүшелері сайланды, орталықтың Жарғысы мен жұмыс жоспары бекітілді. Құрылтайды шақыру мен өзбек мәдени орталығын құруда осы кездегі Шукруллаһ қажы Мухаммеджанов, филармония директорының орынбасары Икрам Ниязов, зиялы қауым өкілдері Эргаш Юлдашев, Сабыржан Нурматов, Эшполат Қырғызбаев, Абубакір Қараходжаев, Фархад Асилов, Тұрдалы Усманов, т.б. белсенділік танытты. Шымкент қалалық өзбек мәдени орталығының төрағалығына зиялы қауым өкілі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Шымкент педагогика институтының аға оқытушысы Сабыржан Нурматов сайланды. Орталық жұмыс жоспарына сәйкес бірталай істерді атқарды. Өзбек ұлтының өкілдері көп шоғырланған Сайрам мен Түркістан аудандарында, кейінірек облысымыздың басқа аудандарында да бірте-бірте өзбек мәдени орталықтары ашылып, өз жұмыстарын бастады. Сол кезде қала мен аудандық өзбек мәдени орталықтарының арасында ешқандай құрылымдық байланыстың жоқтығы аңғарылып, өзбек халқының зиялы қауым өкілдері өзбек мәдени орталығын құру тұралы шешім қабылдады. Шымкент қаласының белсенді өзбек азаматтары аудандарда болып, осы мәселе төңірегінде халықпен талқылау жүргізді, өзбек мәдени орталығы төрағасының кандидатурасын да талқылау шеңберінде қарады. Төрағалыққа бір ауыздан зиялы қауым өкілі, ұзақ жылдардан бері партия комитетінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен мемлекет қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Сарыағаш аудандары және Түркістан қаласының  құрметті азаматы, Махаммадрасул Исақовтың кандидатурасы мақұлданды. 1992 жылдың 26 ақпанында Шымкенттегі Мемлекеттік сауда қызметкерлері клубында кезектен тыс шақырылған құрылтайда өзбек мәдени орталығының негізі қаланды әрі оған бір дауыстан М.Исақов төраға етіп сайланды. Құрылтайда облысымыздың өзбектер мекендеген барлық аудандарынан өкілдер қатысып, өз пікірлерін білдірді. Өзбек мәдени орталығының басқару органы мен тексеру комиссиясының мүшелері, Жарғысы мен жұмыс жоспары бекітілді, орталық құрамында ақсақалдар мен әйелдер кеңестері, жастар мен өнерпаздар ұйымы құрылды, басқару органына барлық аудандардан өкілдер енгізілді. Сонымен қатар, түрлі жылдар ішінде бірлестікке халқымыздың абыройлы азаматтары – Сабыржан Нурметов, Икрамжан Хашимжанов, Бадриддин Нишанқулов сияқты ел жанашырлары сайланып, өз қызметтерін адал атқарды.

2024 жылдың ақпан айында облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында өткен Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігінің есеп-сайлау жиналысында кәсіпкер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадир Ирсметов көпшіліктің бірауыздан қолдауымен бірлестікке төраға етіп сайланды.

Бүгінгі таңда өзбек этносы өкілдері көп шоғырланған 13 қала мен аудандарда өзбек этномәдени бірлестіктері елдің бірлігі мен ынтымағын нығайту бағытында жұмыс атқарып келеді. Атап айтсақ, Сайрам ауданында кәсіпкер, Сайрам аудандық мәслихаты депутаты Ғанишер Раимқұлов, Түркістан қаласында меценат, «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаров, Сауран ауданында Құрбанбай Ирисбеков, Қарнақ ауылында кәсіпкер, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Бекзат Хабибов, Кентау қаласында заңгер Санобар Самиева, Созақ ауданында Мұхамеджан Бабаев, Түлкібас ауданында Журъат Анаров, Қазығұрт ауданында Т.Тула мектебінің директоры, Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Жавлон Сабитов, Төлеби ауданында Жамол  Қадиров, Сарыағаш ауданында Бөрібай Қарабаев, Келес ауданында Суннатулла Тажиахмедов, Мақтаарал ауданында Мухсинбай Азмиддинов, Жетісай ауданында Салихиддин Қамбаровтар бүгінгі таңда ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, этносаралық татулық пен ынтымақтастықты нығайту жолында барлық күш-жігерлерін жұмсауда.

Реті келгенде айту керек, Түркістан облысы бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі және жастардың үлесі салмақты. Олардың қатарында Розақұл Халмурадов, Аманулла Бекжанов, Зұппархан Чалданов, Суннатулла Акрамов, Бахтиер Шомурадов, Абабакир Ханхужаев, Турсунхужа Ханхужаев, Толқын Сайтмұратов, Таир Абдувалиев, Закир Бекенов, Замир Мұхамеджанов, Фархад Абдуллаев, Хамит Умаров, Юлдаш Қасимов, Лочин Анарматов, Хасан Сабиров, Бахтияр Анорметов, Ульфат Боранов, Ялдаш Абдукадиров, Бахрам Сабитов, Мириляз Миркадиров, Хашим Абдувалиев, Мамиржан Юлдашев, Абдикарим Амировтар әрбір іс-шараларда белсенділік танытуда.

Түркістан облысына белгілі кәсіпкер, бүгінде облыстық өзбек этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Ибрагимова бастаған кеңестің белсенді мүшелері Зумрад Ахмедова, Дилбар Дийметова, Санабар Самиева, Нодира Юсупова, Оғылай Халықбердиева, Индира Искакова, Зулфия Ғафурова, Шарбан Абдалимова, Умида Ғанибаева, Мавлуда Юсуповалар жалпыға бірдей ортақ жұмысты жұмыла атқарып келеді.

ҚХА-нан парламенттің сенаты мен мәжілісіне сайланған депутаттар елімізде ұлтаралық татулықты әрі қарай дамытуда бар күш-жігерлерін салуда. Олардың қатарында кезінде квотамен сайланған  Розақұл Халмурадов,  ҚР Парламеті Мәжілісінің VI-VII шақырылымдарындағы депутаты Фахриддин Қаратаев,  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиевтар бар.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс көлемінде іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында «Өзбек тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» мерекелік шарасын республика көлемінде деңгейде өткізді. «Палау», «Офарин» ән-күй фестивалі жыл сайын өтеді.

Бүгінгі таңда өзбек этносы өкілдері көп шоғырланған 13 қала мен аудандарда өзбек этномәдени бірлестіктері елдің бірлігі мен ынтымағын нығайту бағытында жұмыс атқарып келеді.

Қазақстанда тұратын өзбек этносы өкілдері де еліміздің түрлі саласының дамуы мен өркендеуіне, мәдени және рухани, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып келеді.