МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҢ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында халықтың құқықтық мәдениетін, толеранттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыру, мемлекеттік органдар қабылдайтын заң жобалары мен шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осы бағытта Созак аудандық полиция бөлімінің инспекторы Айжан Манапованың ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсарин мектебінде  оқушыларға  «Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Полиция инспекторы Айжан Манапова дәрісті «Мен зорлық зомбылыққа қарсымын» тренингімен бастап, қатысушыларға жалпы зорлық зомбылық дегеніміз не? Және оның қандай түрлері болатындығы жайлы айтып берді. Құқықтық сабаққа психолог мамандар да қатысты.  Созақ аудандық орталық ауруханасының психолог маманы Айгүл Керімбай балаларға  бүгінгі таңға дейінгі  статистика бойынша буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған балалардың саны мен жасы туралы айтып берді. Сондай-ақ  егер балалардың өздері немесе өзге біреулер осындай жағдайға ұшырап жатса яки хабардар  болса оған  көмектесу үшін кімдерге көмекке жүгіну керектігін түсіндіріп өтті.

Басқосудың мақсаты оқушыларға буллинг пен кибербуллинг туралы түсініктеме беру және өзара қарым-қатыста әдептілікке шақыру болып отыр.

Сондай-ақ осы аптада Жетісай аудандық полиция бөлімі мен әкімдігінің ұйымдастыруымен “Нашақорлыққа жол жоқ” форумы өтті. Онда алдымен  “Нашақорлыққа жол жоқ” атты сахналық көрініс қойылды.  Өнерпаздар нашорлық соңы нендей қайғылы жағдайға жеткізетін шынайы іс-әрекеттермен бейнелеп көрсетті. Форумда   аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков ғасыр дертіне айналған есірткі, нашақорлық жайында баяндама жасады. Өз кезегінде форумның спикерлері теолог Бағдат Шәймерден, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақыт Жаңбырбаев, нарколог-дәрігер Салтанат Дінтаевалар қоғамда белең алып отырған мәселелер жайында сөз қозғап, жастарды бұндай жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.