МЕКТЕП ФОРМАСЫ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда,-деп хабарлайды Түркістан соттары әлеуметтік парақшасы. Онда таратылған ресми ақпарат бойынша істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған.
Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.
Мұнан бөлек, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз, делінген Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотттары таратқан мәлімдемеде.
Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады.
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ерже Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыңымен бекітілген.
Мектеп формасының стилі, түсі классикалық стильде, бір түсті гаммада, үш түсті араластырудан аспайды. Мектеп формасының түсі тыныш және ашық реңктерді тудырмайтын түрде таңдалады. Бұл оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды. Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдер оқушылардың орта білім беру ұйымдарында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді