МОПЕД ҚОЗҒАЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді. Полиция департаментінің жеке құрамымен электросамокат және мопед жүргізушілерін веложолақтарда 25 км/с жылдамдықта жолдың оң жақ бөлігінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақтың бойымен қозғалуы қадағалануда. Сонымен қатар, түнгі уақытта электросомокат пен мопед жүргізушілерінің кез келген жарық қайтарғыш элементтері бар заттарының бар болуы, 18 жастан асқан болуы және жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы тексерілуде. Осы талаптар орындалмаған жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарына сәйкес әкімшілік шаралар көріледі. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар Полиция департаменті тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

Мопедтер ірі қалалардағы жол қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ете бастады. Шағын көліктерді дамыту қосымша қозғалыс мүмкіндіктерін ұсынады, бірақ олардың көптеген иелері ережелерді сақтамайды, соңы апаттарға әкеледі. Мәселен ағымдағы жылы өңірде мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сондықтан полиция қызметкерлері осы көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтті.Нәтижесінде жыл басынан бері мопед жүргізушілеріне қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 16 жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген.

Сізді самокатпен қағып кетсе, не істеу керек және қайда шағымдану керек?  Заңгерлер оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдемді шақыру керегін айтады. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алу фактін анықтап, оны қағазға түсіреді. Ол сізге өтемақы талап етіп сотқа жүгінген кезде дәлел бола алады. Немесе бірден ауруханаға барыңыз, бастысы, дәрігерлер сіздің самокат немесе велосипед тепкен адамның әрекетінен жарақат алғаныңызды орнату керек.