МУЗЕЙДЕ «АЛАШОРДА ТАРИХЫ ІЗІМЕН» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласының Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі 1 қараша күні музейдің ашылғанына 23 жыл толуына орай, «Алашорда тарихы ізімен» атты іс-шара болып өтті. Бұл туралы музейдің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімет бөліскен.

Аталған дереккөзде іс-шара квест және куиз форматында ұйымдастырылғаны айтылған. Іс-шараны тамашалауға қаланың көптеген аға буын өкілдері мен зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылған.

Квест барысында концерттік бағдарлама да болып өтті. Концерттік бағдарламада Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Саз колледжінің» жас өнерпаздары және Шымкент қалалық Қуыршақ және жасөсіпірімдер театрының әртістері өнер көрсетті.

Квест интелектуалдық ойынына М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Тарих және педагогика факультеті, «Жалпы тарих және музей ісі» кафердасының студенттері қатысқан. Ойын шарты бойынша, қамтылған тақырыптар қатарында өткен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының басынан өткерген трагедиялық оқиғалары, 1921-23, 1931-33 жылдар арасындағы ашаршылық, кеңестік саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тақырыптар қамтылған. Бес команданың арасынан «Алаш мұрагерлері» командасы өздерінің тапқырлығы және жылдамдығымен көзге түсіп, жеңіске жетті.

Іс-шара куиз ойынымен жалғасты. Ол куиз ойынына келуші көрермендер арасынан еркін түрде студенттер мен оқушылардан құрылған 4 команда қатысты. Ойынның 3 кезеңнен тұратын сайыста өздерінің алғырлығын дәлелдеп «JOO high school» жекеменшік мектебінің оқушылары жеңіске жетті.

Шараға қатысқан барлық жеңімпаздар мен берсенді қатысушылар алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар тапсырылып, марапатталды.

Музей ұжымы іс-шараға ат салысқан барлық мекемелерге, студенттер мен оқушыларға ұжым атынан алғыс білдірді.